Перейти к содержимому страницы.

ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖОЛДАУ – ҮКІМЕТ ПЕН ХАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ КЕПІЛІ

03.09.2019

Қазақ елінің Президенті Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы қыркүйектің 02-сіндегі Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында үкімет пен халықтың өзара бірлікте, тұтастықта болуы тиістігі туралы мәселені көтерді. Бұл орайда Президент Қазақстан халқына тікелей қатысты негізгі 5 мәселені алға тартты:

І. «Қазіргі нәтижелі мемлекет» бағытында Президент Қ.К.Тоқаев «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беруші Үкімет» жолымен еңбек ету мақсатын көздейтінін айтып, үкімет пен халық бірлігіндегі саяси өзгеріс жүргізетінін баяндады. Осы үшін Президент аталған бағытқа 5 өзгерістік жолды атап өтті: саяси бәсекелестікті таныта алатын көп бағыттық партиялық құрылым үдерісін жалғастыру; халықпен нәтижелі кері байланыс жасау (бұл аяда мемлекет қызметшілерін іріктеу мәселесі де қаралады); митинг туралы заңды негіздеп жетілдіру; ұлтаралық қоғамдық келісімді нығайту арқылы ел бірлігін күшейту.

ІІ. «Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағытында Президент соттық және құқық қорғау жүйесінің; заңдағы түсініксіздіктің шешілуі қазақстандық азаматтардың пайдасына шешілуі тиістігі; қоғамдағы әлсіздерге көрсетіліп жатқан қысымдық пен қылмысты жою керектігі; браконьерлік қылмысты, жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігін арттыру, халықты табиғи апаттан қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кез келген ұйым халыққа нақты қызмет көрсете білуі керектігі туралы мәселені баса айтып, қадағалауды Үкіметке тапсырды.

Бұдан бөлек Ел Президенті «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Мықты аймақ – мықты ел» - деген ірі үш мәселеге назар аудартты. Аталған бағыттарда Президент Ел экологиясын, тұрғын үй мәселесін, әлеуметтік, экономикалық тапшылықтан туындап отырған қиыншылықтарды шешу жолдарын тауып іске асыруды өзіне де, мемлекет қызметшілеріне де міндеттейтінін жеткізді.

Биылғы Жолдау мазмұны Қазақстан азаматтарының мүддесін түпкілікті қорғайтын ауқымды тақырыпты қамтиды, сондықтан Жолдаудағы міндеттердің жүзеге асырылуына халық та сенім артады.

Ырысгүл Бектемірқызы Шақаман

Филология ғылымының кандидаты, профессор

 

">