Перейти к содержимому страницы.

МАМАНДЫҚТАР ТУРАЛЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

10.06.2019

Гуманитарлық факультет деканаты алғаш рет кафедралар арасында кәсіби бағдар беру бағытында бейнероликтер байқауын ұйымдастырды. Аталған байқауға шет тілдері, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедралары қатысты.

 

fgf

 

 Байқаудың мақсаты студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, имидждік және кәсіби бағдар бағытындағы жұмыстарды жандандыру болып табылды.

 Гуманитарлық факультеттің бес кафедрасының студенттері бейнероликтер байқауына белсенді қатысты. Факультет деканы Қ.С. Ерғалиев, кафедра оқытушылары мен кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты тұлғалардан жасақталған қазылар алқасы байқауға ұсынған жұмыстарға баға берді.  

 Байқау қорытындысы бойынша келесідей шешім қабылданды:

1-орын – тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы командасына;

2-орын – орыс тілі және әдебиеті кафедрасының командасына;

3-орын – қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының командасына берілді.

         Жеңімпаз командалар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар және ақшалай сыйақымен марапатталды. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен шет тілдері кафедраларының командалары ынталандыру дипломдарымен марапатталды. Студенттер арасында байқауға ерекше қызығушылықпен қатысқан тарих және ҚХА кафедрасынан Асылхан Рахым (МТ-31) мен Жайлау Көркем (ТД-11), ӘГП кафедрасынан Еркебұлан Ерғалиұлы (ҚжЭН-41) мен Сәния Пішенбаева (ҚжЭН-21), ҚТӘ кафедрасынан Толғанай Бәкібай (ҚТӘ-11) мен Лаура Серекбаеваны (ҚТОӘ-11) атап өткен абзал. Сондай-ақ гуманитарлық факультет деканаты студенттерді ынталандырып, қолдау көрсеткені үшін ПМПУ-дің студенттік кәсіподақ төрағасы Жасұлан Ұзықановқа зор ризашылығын білдіреді.

Гүлсім  АБЗУЛДИНОВА

ГФ деканының орынбасары

 

 

 

">