Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ тарихы

Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Қарамағында төрт аудиториясы болды, бір жылдай №3 мектептің төртінші қабатында сабақ жүргізді. Тарих-филология және физика-математика

факультеттерінде 150 адам оқыды. Сабақты 14 оқытушы жүргізді. Қабылданған студенттердің 50 пайызында екі жылдан астам еңбек өтілі болды. Басқа жерлерден келген студенттер жеке пәтерлерде, №3 мектептің ескі ғимаратында тұрды. 1964 жылдың жазында алғашқы жатақхана салынды.

1964-1965 оқу жылында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика» және «Жаратылыстану» мамандықтары бойынша студенттер қабылданды. Сол жылы студенттердің саны 284 адамға дейін өсті, 23 оқытушы оқытты. Бос лауазымдарға өткізілген бірінші конкурстан 6 ғылым кандидаты өтті, оның бесеуі доцент еді. Атап айтсақ, олар: ф.ғ.к., доцент И. П. Белоусов, вет.ғ.к., доцент А. Т. Шиянов, фил.ғ.к., доцент А. Г. Митрошкина, т.ғ.к., доцент М. И. Блох.

1963 жылы физика-математика факультетінің биология және химия бөлімінің базасында (студенттер контингентінің көбеюіне байланысты) дене тәрбиесі бөлімі бар химия-биология факультеті ашылды.

Даярланған жастарды тарту мақсатында ППИ жанында дайындық курстары ашылып, оған 137 тыңдаушы жиналды. Олардың көбі машина жасау зауытының, ҚБ-2, ҚБ-2 жұмысшы жастары, балабақшалардың, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері болатын.

Оқу үдерісінің маңызды бөлігі студенттердің педагогикалық және далалық тәжірибе жұмыстары болды. Педагогикалық тәжірибе қаланың № 3,7,11,18,23 мектептерінде өткізілді. Әр оқытушыға кеңес беру, бақылау және басшылық жасау үшін бірнеше академиялық топ бекітілді. Сондай-ақ студенттер мектептерде пионер вожатыйлары, сынып жетекшілерінің көмекшілері, әртүрлі үйірмелердің жетекшілері болып практикадан өтті. Сонымен қатар, студенттер практикадан Павлодар облысының пионер лагерлерінде де өтті.

Химия-биология факультеті студенттерінің оқу-далалық практикадан облыс кеңшарларындағы егіншілік жұмыстарымен және еңбек сауықтыру лагеріндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Дала практикасы Алтай, Баянауыл секілді әртүрлі климатты зоналарда 42 күнге дейін жалғасты.

ППИ қызметінің басты басымдылығы студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. Мәселен, ҒЗЖ және СҒЗЖ жаңа нысандары белсенді түрде енгізілді, бірқатар кешендік және шартты-шарушылық жұмыстары жүргізілді, институттың профессор-оқытушылар құрамы ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстарын жоспарға сай қорғады. (О. З. Зикрин, З. П. Щербинко, А. М. Даткаев және т.б.).

ППИ ғылыми-зерттеу жұмысының жандануы Ертіс өңірінің өзекті проблемаларымен айналысқан химия-биология факультетінде ғалымдардың паразитология мектебінің қалыптасуымен байланысты болды. Олар: «Гельминты домашних животных Павлодарской области», «Циркуляция возбудителей описторхоза, трихинеллеза и многокамерного эхинококкоза в Среднем Прииртышье» (И. И. Гуславский, З. И. Обухова, С. П. Хавкин, А. И. Батькаев және т.б.) мектептері болатын. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері, эпидемиологтар, медик-паразитологтар үшін гельминтоздардысақтандыру бойынша практикалық ұсынымдар жасалды.

Математика кафедрасындағы ғылыми жұмыс «Единство обучения и воспитания в процессе преподавания математики» тақырыбы бойынша жұмыс жасаған Г. М. Мұқанов, Т. Қ. Шаяхметов, Л. И. Турчинский, М. И. Шаталина сияқты аға оқытушылардың қызметтерімен тығыз байланысты болды. Элементарлық математика кафедрасының аға оқытушысы М. И. Шаталина «О математическом активе класса» мәселесін зерттеумен айналысты. Осы мақсатпен №3 орта мектептің 9 сыныбында математикалық топ құрылды. Жұмыс математика пәні бойынша сабақта және сабақтан тыс дайындықтың байланысын айқындады. Сонымен, 1968 жылы М. И. Шаталинаның «Развитие интереса, самостоятельного творческого мышления и инициативы при обучении математике в средней школе» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.

Орыс және шетел әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары салыстырмалы талдаудың, көркем шеберліктің, әдеби шығармалардың тарихи маңыздылығының, оларды зерттеу әдістемесінің проблемаларын зерттеумен тікелей байланыста өріс алды.

Павлодар облысы мен Павлодар қаласының мектептерінде бағдарламалық оқытуды енгізу ППИ кафедралары мен аймақ мұғалімдерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтты. Ғылыми қалыптасу өз жалғасын тапты. Зерттеу ғылыми-педагогикалық, ғылыми-қолданбалы және әдістемелік сипаттағы тақырыптарда дайындалды. Оның 40—қа жуық пайызын оқытушылар құрамы еңбек еткен топ 41 ғылыми тақырыпты зерттеді. Кафедралар жанында ғылыми зерттеу үйірмелері ұйымдастырылды, отырыстарда баяндамалар, таңдаулы тақырыптар бойынша рефераттар тыңдалды, проблемалық мәселелер бойынша әдебиеттер жаңалықтары зерттелді. Ғылыми-зерттеу жұмысының 42% дейін студент жастар қамтылды.

Жоғары оқу орнында ішкі ғылыми конференциялар өткізілді. Ең алғашқы ғылыми конференция «Социализмнен коммунизмге өту жағдайындағы ұлттық қарым-қатынастың дамуына» арналды. Конференцияда т.ғ.к. Г. И. Боранқұлов, аға оқытушы А. Н. Грицков, оқытушы В. И. Лобанов және Р. М. Гейгер баяндамалар жасап, сөз сөйледі.

Сонымен қатар, кадр мәселелері де уақытында шешімін тауып отырды. Ғылыми жұмыстың нәтижесінде ППИ-де алғашқы даярлықтан өткен жас мамандармен оқытушылар қатары толықтырыла бастады. Осы үдеріске республикалық және одақтық министрліктермен біріге отырып өткізілген жоғары оқу орнының оқытушыларын арнаулы аспирантураға оқытуға басым бағыт беру саясаты көмектесті.

«Мектеп пен өмірдің байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру жүйесінің бұдан әрі қарай дамуы» Заңының жүзеге асуы ППИ ұжымын «Педагогикалық білім университетін» ұйымдастыруға көмектесті, бұл арқылы педагогиалық білім таратылды, оқу пәндерін оқыту әдістемесі бойынша өзара тәжірибемен алмасу қамтамасыз етілді.

Жоғары оқу орнының қалыптасуы кезінде студенттерді тәрбиелеу жұмысының әдістері мен тиімді нысандарын белсенді іздестіру жүргізілді, тәрбие үдерісін басқарудың негізі қаланды.

Ректораттың, деканаттардың, кафедралардың, сонымен қатар партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының жұмыстары негізінен ұйымдастыру мәселелерін шешуге және оқу мен тәрбие үдерістерін жүзеге асыруға бағытталды. Тәрбие жұмысы институттың партия бюросымен бекітілген жоспар негізінде жүргізілді. Әсіресе тәрбиенің негізгі бағыттары маркстік-лениндік теорияны зерттеу, саяси-тәрбие мен мәдени-көпшілік жұмысы, әскери-патриоттық тәрбие беру, студенттерге арнап өткізілген спорттық-бұқаралық ғылыми жұмыстар жатақханалардағы ұйымдастырылған әртүрлі жұмыстар институттың облыспен және қала ұйымдарымен байланысын қалыптастыруға әсерін тигізді.

Жалпы институттық жоспардың негізінде факультеттердегі, кафедралардағы, академиялық топтардағы тәрбие жұмысы жүргізілді. Оған оқытушылар мен институт қызметкерлерінің саяси оқулары енгізілді. Дәрістік-насихат жұмысы, мәдени-бұқаралық шаралар, баспа және радио жұмысы, бұқаралық-саяси және спорттық-бұқаралық жұмыстар, қала тұрғындары мен оқушыларының арасындағы үгіт-бұқаралық іс-шаралар қолға алынды.

Оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді тәрбиелеудің маңызды бөлігі саяси ағарту жұмысы болып есептелді. Студенттік топтардың саяси хабарламашылары үшін марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушылары (Г. И. Боранқұлов, Е .П. Дерягин, К. Р. Рахымбердинов, М. В. Вальянов) жүргізген консультациялар өз нәтижесін берді. Оған Еуропа, Латын Америкасы, Қытай Халық Республикасының саяси жағдайының проблемалары жөніндегі тақырыптар енгізілді.

Оқытушылардың саяси білімін жетілдіру үшін теориялық семинарлар өткізілді. Марксизм-ленинизмді зерттеу бойынша семинарды марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушысы В. И. Грошев, Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) тарихын зерттеу жұмысын А. А. Рояк басқарды. Сондай-ақ ППИ-дің комсомол комитетімен Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының (БЛКЖО) тарихын зерттеу ұйымдастырылды.

Құрамы 17 оқытушы мен 21 студенттен тұратын лекторлық топ қала кәсіпорындары мен облыс аудандарында жұмыс істеді. Халықаралық жағдай, КСРО және коммунистік партияның тарихы, сөйлеу мәдениеті туралы, жас кеңес адамының бейнесі, Олимпиадалық ойындардың тарихы жөнінде дәрістер оқылды. Сондай-ақ «Мәдениет университеті» жұмыс істеді. (жетекшісі Ю.А.Адаменко), оның негізгі мақсаты студентердің тереңдету, болашақ мұғалімдердің ой-өрісін кеңейту, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру болды. Бүкілодақтық радионың радиокоментаторы М.Горбулинмен, Павлодар ақындары О. Афанасьевпен, В. Семерьяновпен, С. Музалевскиймен, М. Динерштейнмен, композитор В. Ширинкинмен кездесулер ұйымдастырылды. Университеттің тұрақты тыңдаушыларының саны жыл сайын 300-ден астам адамды құрады.

Өз күштерімен ұйымдастырылған көркемөнерпаздар үйірмесі таныла бастады. Студенттердің көпшілігінің қатысуымен хор, драма, вокал үйірмелері жұмыс істеді. Үйірменің дамуына көркемдік жетекшісі ретінде педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Р. Н. Сафонов сүбелі үлес қосты. Институттың өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнерінің қалыптасып дамуына оқытушылар Ю. А. Адаменко, О. Қ. Жармакин, Г. И. Кирш, Э. Н. Неверова, Е. Е. Солтан, С. М. Хавкин, студенттер Н. Маркин, М. Барац және т.б. көмек қолын созды.

Көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері факультеттерде конкурстарды, кештерді өткізді, үгіт-мәдени бригадаларын жинақтады, үйірмелердің жұмысын бақылады. Олар облыстық және қалалық кәсіпорындарға, кеңшарлар мен ұжымшарларға барып, концерт ұйымдастырды. Институттың эстрадалық квартеті Павлодар телестудиясының жастар бағдарламасында ән шырқады, филология факультетінің деканы Г. И. Кирштің жетекшілігімен қойылған «Юность отцов» пьесасы С. М. Киров атындағы ұжымшарда өзеншілер клубында қойылды.

Үгіт-мәдени бригадасы «Педагог бол!» ұраны аясында Павлодар-Қашыр аралығында үш күндік веломарафонын өткізді. Ол егін егі науқаны кезінде «Для тех, кто в поле» атты концерттік бағдарламамен Краснокутск ауданы тұрғындарының алдында концерт қойды.

ППИ-дің көркемөнерпаздар үйірмесінің шеберлігі күн санап арта түсті. Ұжымдардың қалалық байқауында институт 1- орынға және «Нам 48, будет 50, затем исполнится нам 200 лет и 300, но, как маяк, останется в веках великая Держава коммунистов!» (1966 ж) монтажы үшін ауыспалы кубокқа ие болды. Келесі жылында да «Широка страна моя родная» монтажы үшін кубок институтта қалды, би және эстрада ұжымдары конкурс лауреаттары атанды, басқа жанрларда орындалған 10 нөмір жеке орындарға ие болды.

Қалаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, оған деген оң көзқарасын қалыптастыру және озат педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында студенттер мен елімізге еңбегі сіңген ұстаздар Е. М. Кассацкая, А. А. Овсянникова, О. Ф. Семенова, Т. И. Васильева және тағы басқалармен кездесулер өткізілді. Студенттер үлгерімі нашар балалармен, пионер вожатыйларымен, сынып жетекшілерімен, көмекшілерімен, сондай-ақ милицияның балалар бөлмелерінде, мектептердегі пионер және комсомол ұйымының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық комсомол комитетінің штаттан тыс нұсқаушыларымен, аула клубтарындағы, спорт нұсқаушыларымен жұмыс жасады.

Қоғамдық жұмысты атқару дағдысы мен тиімділігіне ие болуға қоғамдық мамандықтар факультеті көмектесті (ҚМФ), әр жылдарда ҚМФ декандары болып С. Я. Улицкий, А. Г. Гайнанов, Ю. А. Адаменко қызмет етті. ҚМФ-да қоғамдық мамандықты 1226 студент (1970 ж.) алды. Сонымен қатар «Педагогикалық білім университеті» жұмыс істеді (жетекшісі педагогика кафедрасының меңгерушісі В. П. Харитонов), ал тыңдаушылары - қала мектептерінің ата-аналары.

Дәстүрлі шараларды өткізу бір арнаға түсе бастады. Мысалы, «Бірінші курс студенттеріне» арналған факультет кештері, мерейтойларға және еске алу күндеріне орай тақырыптық кештер өткізілді. Жазушылар мен композиторлардың (В .Шекспир, Т. Шевченко, М. Лермонтов, П. Васильев, Вс. Иванов, С. Есенин, композитор Л. ван Бетховен) өмірі мен шығармашылықтарына, Павлодар қаласы ақындарына арналған кештер де жиі ұйымдастырылды. Топтарда мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің проблемалары және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері бойынша пікірталастар, әңгімелер жүргізілді.

Институт өмірі қабырға газеттерінің беттерінде көрсетілді. «Педагог» атты жалпы институттық, факультеттік – «Филолог», «РИЛЛОТ», «Крылатая юность» атты қабырға газеттері шықты. Факультеттерде, жатақханада «найзағайлар», «әскери парақтар» шығарылды.

Жоғары оқу орны туралы хабарлар радиогазетте тұрақты шықты, радиоклуб жұмыс істеді (жетекшілері оқытушы - А. В. Михеев, студент Ю. Куготенко). Сол кездегі факультеттердің өмірін баяндайтын фотовитриналар, фотомонтаждар, «бір сағаттық фоторепортаждар» танымал хабарларға айналды.

Жатақхана төрағалары А. Прокопенко, Д. Альтергот студенттердің өзін-өзі басқару органы - студенттер кеңесін құрды. Студенттер кеңесі үздік жатақхананы анықтау мақсатында байқау жариялады, жатақханада тұру ережелерін дайындады. Апта сайын сұрақ-жауап ретіндегі тақырыптық кештер, пікірталастар, дәрістер, атақты адамдармен кездесулер, «кафедралар апталары», әңгімелер, адамгершілік-этикалық тақырыптарға арналған баяндамалар мен музыкалық, поэзиялық және КТК кештері өткізілді. Павлодар облысы студенттер жатақханаларының байқауы қорытындысы бойынша №2 жатақхана жеңімпаз атанып, Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Студенттердің дене шынықтыруын жетілдіру үшін спорт секциялары құрылды, спорт клубтары ұйымдастырылды, олимпиадалар, спартакиадалар өткізілді. Бір жылда 45 спортшы-разрядшы даярланды. Институт командалары «Молодой целинник» газетінің жүлдесіне арналған қалалық эстафетада, қалалық шаңғы жарысынжа жүлделі орындарға ие болды. Студенттердің 25 пайызы спорт секцияларында шұғылданды.

Агробиологиялық станса жанында (Черноярка аулы) еңбек спорт-сауықтыру лагері құрылды. Мұнда дене тәрбиесі факультетінің студенттері оқу-жаттықтыру жиындарына тартылды, дала практикасына химия-биология және басқа факультеттердің студенттері қатысты.

Негізгі жұмысты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары А. С. Куц, В. А. Бородихин, В. А. Лыткин, И. З. Калугин жүргізді. Олар спорт секцияларының жұмысын ұйымдастырды, жүзуге үйрету бойынша сабақтарын өткізді, спартакиадаларды басқарды, бір күндік және көп күндік туристік саяхаттарға қатысты. Қамқорлық көмек көрсету шегінде студенттер мен оқытушылар «Чернояр» совхоздағы мектеп үшін футбол алаңы, жеңілатлетикалық секторлары, баскетбол және волейбол алаңдары бар спорт кешенін салды. Спорттық-бұқаралық жұмыстың спорттық, туристік секцияларына балық аулау және аңшылық, денсаулық топтарына институт оқытушылары да қатысты. Институт біріншілігіне тұрақты қатысу мақсатында волейбол, баскетбол, шахмат, бадминтон бойынша оқытушылар командалары құрылды.

Қысқы спорт ойындары түрлері бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда көрсеткен жоғары нәтижелері үшін ППИ спортклубы Павлодар аткомының және қала дене тәрбиесі және спорт комитетінің ауыспалы Қызыл туымен марапатталды. ППИ-дің шаңғышылар командасы жоғары оқу орындарының арасында Қазақстанның 3- жүлдегері атанды. «Буревестник» республикалық жарыстарында ППИ спортұжымы волейболдан 1- орынды, шаңғыдан – 3- орынды, жеңіл атлетикадан – 5 - орынды, қол добы бойынша – 6- орынды иеленді. Студенттік жастар арасындағы республикалық ойындарда Чекмарева (шаңғы), А. Ни (гимнастика), Барабаш, В. Барганников (коньки), В. Пономарев В., В.Попов В (жеңіл атлетика), Ю. Яковлев, К. Түйлықбеков (классикалық күрес) жүлделі орындардан көрінді. Студент В. Барганников юниорлар арасындағы КСРО біріншілігінде жүлдегер атанды және халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан қатысты.

Еңбек тәрбиесі студенттік құрылыс отрядтары (СҚО), пионер вожатыйы жұмыстары арқылы, пионер лагерьлеріндегі спорт нұсқаушыларымен, оқу-жаттықтыру жиындарында жүзеге асырылды. ППИ студенттері Павлодар облысының совхоздарында мал қораларын, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, жылыжайларды, кірпіш зауыттарын, механикалық токтарды, моншаларды, бала- бақшаларын салуда жұмыс жасады. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін көптеген студенттер сыйлықақылар, мақтау қағаздарын, аудандық комсомол комитеттерінің алғысхаттарын алды. «Қоскөл» совхозында орналасқан ППИ отряды әртүрлі оқу орындарының 14 отряды арасындағы жарысда 1 орынға ие болып, ауданның ауыспалы туын жеңіп алды.

Ауыл мектебіне көмек көрсету айлықтарында барлық совхоздарда мектеп шеберханалары салынды, мектептерді жөндеу жұмыстары жүргізілді, спорт алаңдары жаңадан жабдықталды. СҚО-ның жұмыс істеген кезеңінде барлық совхоздарда демалыс кештері, футбол, волейбол бойынша жолдастық кездесулер өткізілді, жергілікті жерлерде тұрғындарға дәрістер оқылды. СҚО отрядтарына «тәрбиеленуі қиын» оқушылар мен жасөспірімдер қатысты.

1962 жыл

1962 жылы 19 қыркүйекте Павлодар педагогикалық институты ашылды.

Физика-математика факультеті, химия-биология және филология бөлімдері  ашылды.

1963 жыл.

Тарих-филология факультеті ашылды.

Күзде ППИ №3 орта мектептің бес қабаттық ғимаратын өз қарамағына алды.

1964 жыл.

515 орынға лайықталған № 1 жатақхана пайдаланылуға берілді.

1966 жыл.

Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 50 мұғалімі және математика пәнінің 37 мұғалімі ойдағыдай бітіріп шықты.

Қоғамдық кәсіптер факультеті ашылды.

Қоғамдық бастамада жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру факультеті ұйымдастырылды.

1967 жыл.

515 орынға лайықталған № 2 жатақхана пайдаланылуға берілді.

Физика-математика факультетінің құрамынан дене тәрбиесі бөлімі мен химия-биология факультеті бөлініп шықты.

1971 жыл.

Химия-билология факультетінің құрамынан дене тәрбиесі және спорт факультеті жеке бөлініп шықты.

4 залдан тұратын спорт оқу кешені пайдаланылуға берілді.

1972 жыл.

Химия-биологиялық факультетінің үшінші оқу ғимараты пайдалануға берілді.

Қолдану әдістемесі, оқу телебейнесі, оқу киносы, оқу фотоісі, бағдарламалық оқыту, кинофотозертханалардың кабинеттері жабдықталған.

200 орынға студенттердің асханасы тапсырылды.

Шілдеде жүзу бассейнінің құрылысы басталды.

1977 жыл.

Шет тілдер факультеті құрылды.

Жабық жүзу бассейні пайдаланылуға берілді

1981 жыл.

ППИ Қазақстан КП ОК-ның, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ кеңестер кәсіподағы мен Қазақстан ЛКЖО ОК-ның ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.

1982 жыл.

ППИ Одақтық педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында өткен Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, КСРО білім беру Министрлігінің және білм беру, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер кәсіподағы ОК-ның ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.

1986 жыл.

Материалдық-техникалық база нығайтылды: 4 корпус, 22 лаборатория, 8 лингафонды кабинет, 22 аудитория, 22 кабинет. 239 оқытушы, оның ішінде 1 ғылым докторы және 81 ғылым кандидаты жұмыс істеді.

1990 жыл.

Екі бағыт бойынша (Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мен спорт түрі бойынша жаттықтырушы және дене тәрбиесі мен биология пәнінің мұғалімі) мамандарды мемлекеттік тілде дайындау іске аса бастады.

1992 жыл.

Орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімдерін жеделдетіп даярлау бойынша мұғалімдер факультетінің алғашқы түлектері білім алып шықты.

Факультеттер саны 5-ке дейін, мамандықтар саны 15-ке дейін қысқартылды.

Қыркүйекте сырттай және дайындық бөлімдері сырттай білім беру факультеті мен жоо-ға дейінгі білім беру факультетіне қайта ұйымдастырылды.

Халықтық білім беру ұйымдастырушыларын даярлау және біліктілігін арттыру факультеті жабылды.

Саяси тарих және социология кафедрасы Қазақстан тарихы, социология және саяси тарих кафедрасына ауысты.

1996 жыл.

С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институты ПМУ құрылымының құрамына кірді. ППИ-де 3226 студент оқып, 272 оқытушы қызмет атқарды.

2004 жыл.

Педагогикалық институт С. Торайғыров атындағы ПМУ құрылымынан шықты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпанынан № 128 қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны құрылды.

1 қыркүйекте ППИ-де 8 факультет пен 29 кафедра жұмыс істеді.

Магистратура мен колледж ашылды.

ППИ «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» және «Қазақстанның биологиялық ғылымдары» атты екі республикалық журналды шығара бастады.

Оқу үдерісін 419 адам қамтамасыз етеді, олардың ішінде 16 ғылым докторы және профессор, 85 ғылым кандидаттары мен доценттер.

ПМПИ «Өзін-өзі тану» курсын мақұлдау және енгізу бойынша республикалық экспериментальды алаңы болды.

2005 жыл.

Мультимедиялық дәрістер кешендерінің құрылуы, ПМПИ сайтының ашылуы.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың келіп кетуі.

2006 жыл.

ПМПИ кітапхансында жаңа оқу залы ашылды.

Филология және шет тілдер факультеттері біріктірілді.

Материалдық база нығайтылды: 396 компьютер, 4 лингафондық кабинет, 2 тринокулярлық стереомикроскоп, химия, экология, физика кафедраларына арналған 7 жаңа жабдықтар жинақтамалары алынды.

Оқу үдерісін 403 адам қамтамасыз етті, олардың ішіндегі штат бірліктері мынадай: 14 ғылым докторы және профессор, 81 ғылым кандидаты мен доцент, қосымша істеуші қызметкерлер: 7 ғылым докторы және профессор, 11 ғылым кандидаты мен доцент. Аспирантурада – 48 адам, магистратурада 109 адам оқыды, ізденуші 82 адам болды.

Студент жастардың 6 еңбек отрядтары құрылды.

2007 жыл.

ПМПИ құрылымына 9 факультет пен 26 кафедра кіреді.

2008 жыл.

Сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік құжаты алынды.

23 дисстертация қорғалды, олардың ішінде 3 докторлық, 20 кандидаттық диссертация.

2009 жыл.

Оқу үдерісін 7 факультет пен 20 кафедра қамтамасыз етеді.

18 дисстертация қорғалды, олардың ішінде 3 докторлық, 15 кандидаттық диссертация.

2010 жыл.

ПМПИ «European Quality» («Еуропалық сапа») белгісімен марапатталды.

Университеттердің Ұлы Хартиясына қатысу туралы келісімге қол қойылды.

Сәуірде ПМПИ көптілді білім беруді енгізу бойынша ҚР БҒМ экспериментальды алаңы болды.

2013 жыл

ПМПИ тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде институционалды аккредитациядан өтті  (НААР)

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде 14 білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтті

2014 жыл

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінде 6 білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтті

2015 жыл

Қазақстанның жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде ПМПИ Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді

Университет IQAA өткізген жалпы рейтингте Қазақстан Республикасындағы ондығына кірді

Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінде университет 8 орынға ие болды (IQAA)

IQAA және IAAR өткізген білім беру бағдарламаларының рейтингінде 11 жүлде алды

2016 жыл

Қазақстанның жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде ПМПИ педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында үшінші орынды иеленді (IQAA)

Университет IQAA өткізген жалпы рейтингте Қазақстан Республикасындағы ондығына кірді

Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінде (IQAA) 10 орынды иеленді.

QAA (19) және IAAR (19) өткізген білім беру бағдарламаларының рейтингінде 25 жүлделі орынға ие болды. (6) Университетте жүзеге асырылған 26 білім беру бағдарламасынан - 20 білім беру бағдарламасы ұлттық рейтингінде жүлделі орындарға ие болды

Халықаралық SGS сертификаттау компаниясының (SGS Kazakhstan Ltd., Швейцария) шешіміне сәйкес, ПМПИ сапа менеджменті жүйесі ISO 9001: 2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес бағаланып, сертификатталды. 2017 жылдың 20 қаңтарында ПМПИ № CH17 / 0079 сертификатын 3 жыл мерзімге алды.

2017 жыл

Ашық дайындық бөлімі. Дайындық бөлімінде студенттерге арналған 50 грант

ПМПИ-дің «Margulan Centre» өңірлік ғылыми-археологиялық орталығы мен Сұлтанбет сұлтан ғылыми білім беру кешені ашылды

ПМПИ-дің ардагерлері туралы «Өнегелі тұлғалары» сериясымен жарық көрген 11 кітап көпшілікке ұсынылды. (11 кітап) сериясымен шығарылды және ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы университеттің мәртебесіне ие болды

Қазақстан ЖОО-ның жалпы рейтингінде (IQAA) Қазақстан Республикасының үздік университеттерінің арасында 2-орын

2018 жыл

«Ертістің Павлодар өңірінің100 тарихи тұлғасы» жобасының аясында бірқатар фильмдер шығарылды.

Социалистік Еңбек Ері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Р. Нұртазина кабинетінің ашылуы

Г. Қапенов атындағы кабинеттің ашылуы

Республикалық деңгейде Мұса Шорманұлының 200 жылдығы тойланып, халықаралық симпозиум өтті.

«Margulan Centre» археологиялық мұражайы құрылып, Сұлтанбет сұлтан ғылыми білім беру орталығы ашылды 

«Серпіннің» алғашқы 135 түлегі диплом алды. 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 5 факультет: Гуманитарлық факультеті, Жаратылыстану факультеті, Педагогикалық факультеті, Өнер және спорт факультеті, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті VII қысқы Универсиадада бірінші орынды иеленді.

Университет базасында колледж ашылды

6 колледж мамандықтары, 18 магистратура мамандықтары, 6 докторантура мамандықтары, 6 қосарлы бакалавриат мамандықтары бойынша лицензия алды. Осылайша, университет 62 мамандық бойынша көп деңгейлі оқытуды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының ЖОО-ларының жалпы рейтингінде (IQAA) Қазақстан Республикасының үздік университеттерінің арасында 8-орын