Перейти к содержимому страницы.

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ КОНКУРС

30.05.2019

Жаттап тоқы көңілге, - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, перзенттік парызымызды ақтаудың негізгі жолы да - күнделікті тыныс-тіршілігімізде Абайға үңілу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіре білу. Осылайша ұлы ақын өсиетіне адал, парасат биігіне ұмтылған Абай ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында 2019 жылы мамыр айының 29 жұлдызында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өзге ұлт өкілдері арасында "Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ" атты Абай шығармаларының ҚАЛАЛЫҚ көркемсөз оқу конкурсы өтті. Аталмыш конкурсқа Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті колледжі, ҚТжӘ-11 тобының студенті ГРОСС ОТТИЛЬЯ қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңісің құтты болсын !

">