Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ «MARGULAN STUDY»

12.07.2019

«MARGULAN STUDY» жобасының шеңберінде ПМПУ Margulan Centre қызметкерлері және гуманитарлық факультеттің тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары жазғы уақытта Торайғыр көлінің жағасында тарих, археология, этнография саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Павлодар қаласының колледж студенттері мен мектеп оқушыларына ғылыми-зерттеу станциясын ұйымдастырды.

 

hbvbl

Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжі, № 2 Баянауыл орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары және Екібастұз мектебінің оқушылары қатысты.

 

scffdggf

Станция барысында оқушылар мен студенттер Торайғыр көліне жақын орналасқан сақ кезеңінің мұртты қорғандарында, қола дәуірінің Кемпіртас жерлеуінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Студенттер мен мектеп оқушылары үшін жерглікті өлкетанушылармен кездесулер өтті. Сонымен қоса, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі, Әбет-бұлағы қыстауы, Торайғыр би қонысы, Айманбұлақ, Әулиебұлақ, сондай-ақ Шон би Едіге қонысы сынды Баянауыл өңірінің қасиетті нысандарына экскурсия ұйымдастырылды.

Еңлік ӘБЕУОВА,

«Margulan Centre» негізіндегі «Рухани жаңғыру»

 ғылыми-практикалық орталығының директоры

 

asdfsad

 

">