Перейти к содержимому страницы.

ППУ ПРОФЕССОРЫ ЗАҒЫПАРОВ ҚАБИДЕН ФАТҚУЛЛАҰЛЫНА «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

19.07.2020

 
ЗАҒЫПАРОВ ҚАБИДЕН ФАТҚУЛЛАҰЛЫ - философия ғылымдарының кандидаты, құрметті ППУ профессоры. Көп жылдар бойы университет қабырғасында сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ардақты ардагер ұстаздардың бірі.
Қабиден Фатқуллаұлы философия, саясаттану, әлеуметтану, педагогика мәселелері бойынша 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. 18 шілде - қала күніне орай, ардақты ұстаз қалалық мәслихаттың шешімімен «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағын алды.
Қ. Зағыпаров көптеген сый-құрмет, марапат иесі: «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі (1980), «Еңбек ардагері» медалі (1983), Халықтар достығы ордені (1986),
«КСРО халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі (1986), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі (2005), Павлодар облысы және Ақтоғай ауданының құрметті азаматы (2005),
А. Байтұрсынов атындағы медаль иегері (2017), т.б. мадақтармен марапатталған.
 
Zaguparov
">