Перейти к содержимому страницы.

МОНЕТАЛАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ

14.11.2020

ППУ-ДЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ВИЦЕ-ДЕКАНЫ НАУРЫЗБАЙ ҚАРШЫҒАНОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АТАМЕКЕН» ТЕЛЕАРНАСЫНА ИНТЕРВЬЮ БЕРДІ.

Наурызбай Қаршығанов қазақстандық монета түрлерін жинаумен айналысады. Оның коллекциясында 1993 жылы шыққан алғашқы темір теңгеден бастап 200-ден аса мәнет бар. Жинағында мерейтойлық және коллекциялық монеталар да көптеп кездеседі. Ондай теңгелерге қол жеткізу үшін сатылымға шығатын күні банкте сағаттап кезекке тұратынын айтады. Биыл коллекциясының қоржынына Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған 200 номиналды күміс теңге түскен. Шақа құндылығы уақыт өткен сайын артатындығына күмән жоқ. Жас нумизмат Наурызбай Қаршығанов ары қарай да өз топтамасын құнды жәдігерлермен толықтыратынын айтты.

numizmat

 
">