Перейти к содержимому страницы.

«ППУ-дағы үйірме жұмыстары»

11.09.2020

11 қыркүйек күні Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен «ППУ-дағы үйірме жұмыстары» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды. Шараға ГҒЖМ-нің Тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі вице-деканы Қаршығанов Наурызбай Қайырұлы қатысып, университет және жоғары мектептің үйірме, секция, сондай-ақ жастар ұйымдары жұмыстарымен таныстырып өтті. Топ кураторлары тарапынан «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының жеке үйірмелерінің жұмыстары туралы мәліметтер берілді, нәтижелі жетістіктері айтылды. Студенттерді сабақ оқумен қатар түрлі үйірмелерге қатысып, қоғамдық жұмысқа араласуға шақырды. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оқу жылының маңызды мәселелері талқыланды.

baichik

 

baichik2

baichik3

baichik4

baichik5

 

 

 

 
">