Перейти к содержимому страницы.

ППУ-ҒА 2000-НАН АСТАМ СТУДЕНТ ҚАБЫЛДАНДЫ

15.09.2020

Биылғы жылы Павлодар педагогикалық университетіне 2111 студент оқуға түсті, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда аса жоғары көрсеткіш. Олардың ішінде 1856 бакалавр, 248 магистрант, 12 докторант бар. Бірінші курсқа қабылданғандардың ішінде 599 адам гранттық орынға ие болған. Университеттің жоғары колледжіне 230-дан астам талапкер түсті. Бүгінгі таңда университеттегі студенттердің жалпы саны 5 мыңға жуық адамды құрайды.
2020 жылы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау», «Математика мұғалімдерін даярлау», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау», «Педагогика және психология», «Білім берудегі кәсіпкерлік» және т.с.с. мамандықтарға сұраныс жоғары болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жалпы республика бойынша конкурстың қорытындысы бойынша шекті балл жоғарылағанына қарамастан, педагогикалық бағыттар бойынша 8506 грант бөлініп, 14442 үміткер конкурсқа қатысты.
 
pervash
 
                                                                                            Қасымхан МҰХИТОВ, Баспасөз қызметінің басшысы 
">