Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫНА ЭКСПЕДИЦИЯ

01.09.2020

ППУ Margulan Centre қызметкерлері 2020 жылдың далалық маусымының соңында «Жасыл Ел» археологиялық жасағының жауынгерлері үшін Павлодар облысының қасиетті нысандарына тур ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Ертіс өңірінің қасиетті нысандарын аралау арқылы облысымыздың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау және ішкі туризмін дамыту. Экспедиция бағытына сәйкес, «Жасыл Ел» жасағының жауынгерлері Екібастұз өңірінде Ақбидайық тас суреттері мен Павлодар қаласында орналасқан ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Мемориал және Сұлтанбет сұлтанның үй жайында болды.

ekspedicia1

ekspedicia2

ekspedicia3

ekspedicia4

ekspedicia5

ekspedicia6

ekspedicia7

Бір күндік турдың қорытындысы бойынша «Жасыл Ел» жасағының мүшелері Сарыарқаның ежелгі малшыларының жартастағы өнерін көріп, біздің өңірдің қол жетімсіз тарихына үңіліп, Павлодар Ертіс өңірінің саяси оқиғалары мен тарихи тұлғалары туралы қосымша ақпарат алды.

">