Перейти к содержимому страницы.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

12.09.2020

2020 жылғы 11 қыркүйек күні ПМУ Margulan Centre «Рухани жаңғыру» зертханасының меңгерушісі Абеуова Еңлік Қабыкенқызы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие мәселелерін шешудегі кешенді тәсіл» тақырыбында облыстық семинарда Павлодар облысының қасиетті жерлері туралы баяндама жасады. Семинар жұмысына әдіскерлер, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, облыстың білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатысты.

Баяндама барысында Енлік Абеуова тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау және Павлодар Ертіс өңірінің ішкі туризмін дамыту аясындағы Margulan Centre жұмысымен және оның жобаларымен таныстырды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға қашықтықтан оқыту жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға байланысты әдістемелік ұсынымдар берілді және баяндамашылар ұйымдастырушы ұйымның сертификаттарымен марапатталды.

Enlik2

Enlik3

Enlik3

">