Перейти к содержимому страницы.

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2020»

29.07.2020

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Халықаралық Білім және Ғылым Академиясы ұйымдастырып отырған «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2020» II Халықаралық педагогикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Көптеген елдердің үміткерлері қатысқан «Үздік педагог – 2020» Халықаралық педагогикалық байқауының қорытындысы бойынша Павлодар педагогикалық университеті, Педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы Нурумов Бауыржан Абылайұлының орта мектептерге арналған оқу құралы «Үздік әдістемелік әзірлеме» номинациясында ІІІ орынды иеленді.

Оқу құралы мектеп оқушыларының эстетикалық дамуының маңызды аспектілерінің біріне арналған. Әдістемеде бейнелеу өнері сабағында шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, педагогикалық практикада сурет, кескіндеменің экспрессивті және визуалды құралдарын қолдану әдістері түсіндіріледі.  

Nurumov3

Nurumov2

Nurumov

 

">