Перейти к содержимому страницы.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2020

25.08.2020

13-20 тамыз аралығында алғаш онлайн форматында «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2020» студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың Ұлттық кубогына байқау өтті! Оған Қазақстанның 30 жоғары оқу орны қатысып, 27 команда кубок үшін бақ сынасты.

 Enactus

Бірінші күн командалар шеруінен басталды: әр университет қысқаша алдын-ала дайындаған бейнефильмдерін таныстырды. Барлық іс-шаралар ZOOM платформасында өтті.

Enactus2

Байқаудың екінші күні маңызды шарадан басталды. Барлық 5 лиганың сессияларында қазылар алқасы командалардың презентация мен жылдық есептері туралы қызықтырған сұрақтарын қойды. Өзіне жүктелген міндеттерді атқарып, бірінші лигаға жолдама алған ENACTUS PPU командасы бұл сыннан да сүрінбей өтті.

Enactus3

Тәжірибелі командаларымен бақталаста оқ бойы 17 командадан оқып, біздің жас Enactus PPU командамыз жартылай финалға жолдама алып, республиканың мықты командаларының қатарына енді. Университет басшылығы мен оқытушыларына бізге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Сания АБДУЛЛИНА, ENACTUS PPU командасының PR менеджері

 

">