Перейти к содержимому страницы.

«ШЫҒЫСТЫҢ НҰРЫ». Ш.УӘЛИХАНОВ МҰРАСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН ӨТКІЗІЛДІ

20.11.2020

         ППУ Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы  айрықша дарын иесі, шығыстанушы-ғалым, географ, этнограф, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі – Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай «Шығыстың нұры» атты онлайн-квест ойынын ұйымдастырып өткізді.  

             Шоқан Уәлиханов отыз жылға жетер-жетпес өмірінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, артына мол мұра қалдырған қазақтың дарынды ғалымы. Оның ішінде география, тарих, философия, филология, этнография, экономика, гидрография және топография сияқты ғылым салалары бар. Көрнекті шығыстанушы, академик Н.И.Веселовский Ш.Уәлихановты «Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген» «феноменальды құбылыс» деп баға берді.

         Аталмыш квест ойынына 14 адам қатысты: олар университеттің студенттері және Павлодар мен Ақсу қалаларының жоғары сынып оқушылары. Қатысушылар ойын барысында 3 тапсырма орындады: олар ғалымның Ыстықкөлге, Қытайдың  Құлжа қаласына және Қашқарияға (Шығыс Түркістан) жүргізген экспедициясы кезіндегі жаңалықтарына арналған. Квест ойынына қатысушылар Ш.Уәлиханов құрастырған карталар мен пен қазіргі топографиялық  карталарды салыстыру, сол саяхаттардың маңыздылығын айқындау, ғалымның әлемдік ғылымға қосқан үлесі туралы талдап, қорытынды жасау керек болды. Барлық қатысушылар ойын тақырыбына қызығушылық танытты, көпшілігі жауаптарын ғалымның фотосуреттерімен, ол туралы дәйексөздермен, Ш.Уәлиханов мұражайына бару туралы әңгімелерімен бөлісті. Қазылар алқасының  құрамындағы  кітапхана қызметкерлері мен жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушысы Сержан Мәдина Ерланқызы  ойынның қорытындысын  шығарып, жеңімпаздарды диплом және алғыс хаттармен ZOOM конференция арқылы марапаттады:

1-орын – ГТ-21 тобының студенті Зиада Маженова ;

2-орын – ГТ-33 тобының оқушысы Құндыз Айтжанға және Ақсу қаласы №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аяулым Мұқанова;

3-орын – ГТ-31 тобының студенті Сабохат Марганбаева  және  №18 орта мектептің 11 сынып оқушысы Зарина Рахимжанова.

Белсенді қатысқандары үшін  ППУ студенттері Мұхаметхали Айнұр, Сарабек Аңсаған, Жилгелдинова Камила  алғыс хаттармен марапатталды.

valihanov

valihanov1

">