Перейти к содержимому страницы.

«ҒИБРАТТЫ ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ». ҒАЛЫМ С. СҮТЖАНОВТЫҢ 70 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

11.11.2020

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сүтжанов Сейфитден Назымбекұлының 70 жылдығына орай «Ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз»тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан мен Ресей елдерінің ғалымдары, С.Сүтжановтың әріптестері мен шәкірттері қатысты.

ППУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры С.Мурзакулов құттықтау сөз сөйледі. Шараның пленарлық отырысында белгілі ғалымдар Х.Миннегулов, Ш.Ыбыраев, Б.Әбдіқазыұлы, С.Қорабай, М.Хамзин, Р.Зайкенова, С.Жұмағұлов, С.Оспанов, Т.Қабышев, А.Зейнуллина, Қ.Ерғалиев, Б.Сағындықұлы, Ы.Б.Шақаман және т.б. профессор Сүтжановтың ғылыми және кәсіби қызметі және оның жетістіктері туралы баяндамалар жасады. Ғалым құрметіне ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды.

Профессор С.Сүтжанов – көрнекті ғалым-әдіскер, 200-ге жуық ғылыми еңбектері мен мақалары, әдеби-публицистикалық шығармалары шетел және республикалық, халықаралық түрлі  конференцияларда, сондай-ақ отандық түрлі газет-журнал беттерінде жарияланған. Өзінің ғылыми еңбектерінің едәуір бөлігін М.Ж.Көпеевтің әдеби мұрасын зерттеуге арнаған. Павлодар педагогикалық университетінде Сейфитден Назымбекұлы «Қазақ тілі», «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» курстарынан теориялық және практикалық сабақтарын жүргізеді.  Сондай-ақ білім беру процесіне қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіндегі жаңашылдықтарды енгізе отырып, дәріс, тәжірибелік сабақ түрлерін студент таңдаған мамандықтың ерекшеліктерін ескеріп өткізеді.

Білім беру жүйесіндегі жемісті жұмысы үшін ғалым, педагог С.Сүтжанов Павлодар облысы әкімінің «Құрмет» грамотасымен, 2007 жылы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. ҚР БҒМ «2008 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

 

 

                                                                                                                      Қасымхан МҰХИТОВ, Баспасөз қызметі 

Sutzhanov

 

">