Перейти к содержимому страницы.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ВИРТУАЛДЫ СЕМИНАРЛАР

17.09.2020

14 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, ағылшын тілі мұғалімдеріне виртуалды оқыту семинарларын өткізеді. Жобаға 12 қазақстандық университет қатыспақ.

Павлодар педагогикалық университетінің атынан шет тілдері кафедрасының ағылшын тілі пәнінің 16 оқытушысы және қала мен облыс мектептерінде сабақ беретін 2 жылдық оқудағы магистранттар қатысады. Семинар жеті аптаға созылады. Сабақты тәжірибелі оқытушылар жүргізеді, олардың бірі - Сенека Райан, ағылшын тілінің озық маманы ППУ оқытушыларына шеберлік сағаттарын өткізеді. Семинарлардың міндетті компоненті - білім беру бағдарламалары мен курстарының мазмұнын дамыту. Тренингтің соңында әр мұғалім өз жобасын әзірлеп, таныстыруы керек. Виртуалды курстардың нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі.

USA

USA2

USA3

USA4

                                                                                                               Қасымхан МҰХИТОВ, Баспасөз қызметі

">