Перейти к содержимому страницы.

Жатақханаға орналасу

Университеттің жатақханаға орналасу өтініш тізімі 

2020 жылғы 10 наурыз жағдай бойынша Университеттің  Студенттер үйлеріндегі  бос орындар саны

Студенттер үйі

Жалпы орын саны

Бос орын саны

Ұл балаға орын

Қыз балаға орын

1

Мира 60∕2 көшесі

312

1

1

0

2

Торайғырова 58∕3 көшесі

475

2

0

2

  

  Университеттің Студенттер үйіне студенттерге орналасу үшін

Ақпараттық хат

 

Студенттер үйіне кіруге құжаттар қабылдау 2019 ж. 21 тамыздан , студенттер «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес тұрғын үй-тұрмыстық үй комиссиясымен студенттер үйіне кіргізіледі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығына 3-қосымша). Оқушылар үйінің орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және 2017 жылы 16 тамыздағы № 611 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» сәйкес беріледі.

Студенттер үйлеріндегі орындар тек басқа қаладан келген білім алушыларға ғана беріледі.

Орындар мұқтаждық принципі бойынша және жатақханадағы орындардың болуына қарай беріледі. Жалпы саны №1 Студенттер үйінде – 312 орын, № 2 студенттер үйінде – 475 орын. Университет мемлекеттік бағдарлама, бюджеттік және ақылы негізде оқитын студенттер үйінде, 2, 3 және 4 курс студенттеріне орын беруге кепілдік бермейді.

Студенттік жатақханадан орын алуға келесі санаттағы студенттердің басым құқығы бар:

    1) Барлық курстарга даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

      2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілген адамдар, 1 курсқа  түскен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар 1 курс;

      4) "Алтын белгі" игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;

      5) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар 2-4 курстар;

       6) Калган санаттағы білім алушылар;

 Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Студенттер үйіне орналасу Мир көшесі 60, 102 кабинет мекенжайында орналасқан Студенттерге қызмет көрсету орталығына өтініш беру, толық құжаттар пакетін ұсыну және 100% алдын ала төлем (10 ай) арқылы жүзеге асырылады.

Студенттер үйіне орналасу кезінде келесі құжаттар болуы керек:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) ата-анасы біреуінің немесе екеуінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінің анықтамасы (егер бар болса);

3) 18 жасқа толмаған 4 және одан көп баланың отбасында болу туралы анықтама (көп балалы отбасылар үшін);

4) мүгедектік туралы анықтама (бар болса);

5) 086У анықтамалығы;

6) флюорографиялық және психонаркологиялық сараптама нәтижелері туралы анықтама;

7) егу паспорты;

8) мекенжай анықтамасы;

9) фото 3 × 4 (2 дана);

10) төсек орын жамылғыштары;

11) студенттер үйіне төленген төлемақы квитанциясы (10 ай–80 000 теңге);

12) «Foundation»бағдарламасымен оқитын балаларға міндетті медициналық сақтандыру полисі.

Ескерту: Студенттер үйінде орын беру нәтижесі оң болған жағдайда, алдын ала 100%, 10 айға–80 000 теңге көлемінде төлемақы болуы тиіс. Студенттер үйінде тұруға өтініш беру үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсыну 2, 3 және 4 курс студенттерінің Студенттер үйіне орналасуы кепіл болып табылмайды.