Перейти к содержимому страницы.

ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

25.05.2020

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценты, PhD докторы Садыкова Айгүл Маратқызы, 2020 жылдың 2 наурызы мен 30 қыркүйегі аралығында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында Витаутас Магнус университетінің (Каунас, Литва) гуманитарлық факультетінде тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдамадан өту бағдарламасы аясында ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстан мен Литва республикаларында мемлекет пен дін арасындағы эволюциясын зерттеу мақсатында Литва республикасының кітапхана және архив қорларында іздену жұмысы, архив құжаттарының жинағын шығару мен басқа да бірқатар жарияланымдар жоспарланған.

Тарихи зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланған университеттің Азиятану орталығы ұйымдастырған "Baltic Alliance for Asian Studies" халықаралық конференциясы аясында «трансұлттық мигранттар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды іріктеудің мәселелері» аясында тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

2020 жылдың 5-7 наурызында "Alternative Religiosities in the European (Post-) Communist and East Asian Countries: Emerging Diversities within (Trans) Formations, Disruptions, Continuation","Migration, memory and Identity: uncertainity and challenges of belogning of transnational migrants and disadvantaged locals","Gender in Asia"  секцияларына қатысты.

stajirovka

stajirovka2

stajirovka3

 

">