Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

22.05.2020

Жаратылыстану жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары қашықтан оқыту кезеңінде жаңа жағдайларға тез бейімделіп, білімдерінің жоғары деңгейін дәлелдеп, халықаралық және республикалық деңгейдегі онлайн-олимпиадалар, зияткерлік конкурстарда жоғары көрсеткіштер көрсетті.   

 Жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді. Биылғы жылы да бұл дәстүр жалғасын тапты. Жыл сайынғы өтетін олимпиада биыл онлайн өткізіліп, екі кезеңнен тұрды: тестілеу және жеке практикалық тапсырмаларды орындау. Олимпиада ZOOM платформасында өткізілді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің құрамасы XII Республикалық пәндік олимпиадада командалық есепте «Физика» және «Биология» мамандықтары бойынша ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Мамырбаев Секен (география) және Сәмекова Русана (Биология) жеке есепте II дәрежелі дипломдармен марапатталды.  

olimpiada

olimpiada2

olimpiada3

Жаратылыстану жоғары мектебінің студенттері сондай-ақ халықаралық «ХХ Сәтбаев оқулары» халықаралық конференциясында да биік көрсеткіштерге қол жеткізді. Екінші дәрежелі дипломмен Жүсіпбекова Айгерім мен Мұқанова Айдана марапатталса, Ахмедиева Диана мен Жанабек Иран І дәрежелі дипломға ие болды. Ғылым мен жастардың білімін дамытуға қосқан үлесі үшін, «ХХ Сәтбаев оқулары» конференциясында көрсеткен жоғары нәтижесі үшін профессор Машрапов Нариман Құдайбергенұлы мен профессор Найманов Бахтияр Аспандиярұлы Алғыс хаттармен марапатталды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

«І Халықаралық кітап басылымының» «Үздік жас ғалым – 2020» І дәрежелі дипломымен Маркаич Жанна марапатталса, оқушы жетекшісі Асылбекова Гүлмира Ермұқанқызы Алғыс хатқа ие болды.  

Студенттер арасындағы «ККО» республикалық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Химия» және «Педагогика» мамандықтары бойынша Әбілқанова Мадина бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ustaz tilegi» студенттер арасындағы математикадан республикалық зияткерлік олимпиадасында 4 курс студенті Айгерім Жүсіпбекова І орынға ие болды. Жетекшісі Жапакова Әйгерім Ақылбекқызына олимпиадағы жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хат табыс етілді.

Физика, география, химия, биология мамандықтарынан студенттеріміз университетімізге біршама жетістік алып келді. Әлі де алда қиын сындар күтіп тұр. Жүлделі орындарға ие болған студенттеріміз мен жетістікке жетуде еңбектерін сіңірген оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Физика, география, химия, биология уже принесли призовые места нашему университету. В этом году ожидается проведение еще нескольких олимпиад. Желаем удачи и поздравляем наших студентов занявших призовые места!  

olimpiada4

olimpiada5

olimpiada7

olimpiada8

olimpiada9

olimpiada10

olimpiada6

olimpiada11

olimpiada12

 

 

 

 

 

 

">