Перейти к содержимому страницы.

ДИПЛОМНЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫН ТЕКСЕРУ

09.06.2020

Қызметкерлердің білімін тексеру, біліксіздігінен қорғану үшін жұмыс беруші тарапынан дипломның түпнұсқалығын растау қажеттігі туындап жатады. Бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады:

"Жұмыс беруші дипломның түпнұсқасын онлайн тексере алуы үшін оны цифрлау ұсынылды. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Білім министрлігі қазір дипломдардың деректер базасын толықтырумен және өзекті етумен айналысуда. Дипломның түпнұсқасын тексеруге болатын сервисті осы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр".

">