Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ республикалық деңгейде онлайн-айтыс аламанын өткізді

19.05.2020

Айтыс – ежелден келе жатқан халықтың асыл мұрасы. Бұл өнердің жалпақ әлем үшін де орны бөлек. ЮНЕСКО айтысты адамзаттың мәдени мұраларының тізіміне қосқан. Айтыста қоғамда шешімін таппай жүрген небір елеулі мәселелер көтеріліп, өткір сыналады. Ортаға ұтымды ойлар тасталып, тіпті сол түйткілдер шешімін тауып та жатады. Ол қоғам үшін әрине пайдалы.
Айтыстың ұтымдылығының тағы бір тұсы - оның жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні мен маңыздылығында. Ол адам бойында сыни тұрғыдан ойлауды (критическое мышление), бәсекеге қабілеттілікті, тапқырлықты дамытады, философиялық ойлауға, жалпы қоғамда көзі ашық саналы адам болуға жетелейді. Сондай-ақ қазақы ортада студент жастар үшін айтыс аламаны патриоттық сезімді дамытуға, тіл саясатын жүргізуге де ықпалы мол.

aitys

aitys2

ПМПУ басшылығы осы мәселелерді ескере отырып, карантин режимінде Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Ғаламның ғұлама ұстазы"  атты ОНЛАЙН-АЙТЫС аламанын республикалық дәрежеде өткізді. Айтыстың жоғары деңгейде өтуіне Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы қолдау көрсетті. Дәстүрлі өнердің байрағын биік көтеріп, ой мен сөз жарысында домбыра жарыстырған суырыпсалма жүйріктер көрермен назарын өзіне ынтық етті. Ақындар аузымен қазіргі қоғамдағы өткір мәселелер айтылды. Қазылар алқасының шешімімен Таразлық айтыскер ақын Мұхамеджан МАНСҰРОВ сөз аламанының бас жүлдесін иеленді.

Қасымхан МҰХИТОВ, видеостудия директоры 

">