Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ ОҚЫТУШЫСЫ ФУЛБРАЙТ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КУРСТАН ӨТЕДІ

10.06.2020

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің шет тілі білім беру бағдарламасының жетекшісі Әлия Жолдабаева, AE E-Teacher Development Professional  Program біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Үміткерлерді Қазақстандағы АҚШ Елшілігі таңдауымен АҚШ-тағы тәуелсіз комиссия қарастырады. Дж. Уильям Фулбрайттың стипендиялық кеңесі қатысушылардың соңғы таңдауын мақұлдайды.

Қатысушылар осы жазда Атлантаға (Джорджия, АҚШ) американдық университетте сегіз апталық үздіксіз білім беру бағдарламасына баруы керек болатын. Бірақ, әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты курстар онлайн режимінде өткізілмек.

Фулбрайт  педагогтардың шеберлігін арттыру бағдарламасы әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдерді біріктіреді. Курсқа қатысушылардың қабылдаушы университеттер мен орта мектептердің мұғалімдерінің сабақтарын бақылап, тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар.

Development Professional  Program курсын тәмамдаған соң  Еуропа, Азия және Оңтүстік Американың көптеген елдерінде қабылданатын сертификат беріледі.

Aliya

Aliya2

">