Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-ДЫҢ «MARGULAN CENTRE» ҒАЛЫМДАРЫ АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН ЭЛИТАЛЫҚ КЕСЕНЕЛЕРДЕН ТАБЫЛҒАН ЕЖЕЛГІ МАТА ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫСТАРЫН АЯҚТАДЫ

28.04.2020

ПМПУ-дың «Margulan centre» «YMAI» халықаралық зертханасы археологиялық тоқымалардың бірегей коллекциясын зерттеуді аяқтады. Бұл жоба бойынша жұмыс 2018 жылы басталып, 2 жылдан астам уақытты қамтыды. Жобаның мақсаты – Марғұлан орталығының директоры Т.Н. Смагулов бастаған археологиялық экспедицияның Әулиекөл қорымынан табылған ортағасырлық билеушілердің жерлеуінен алынған кездеме қалдықтарын пәнаралық зерттеу болатын. 

Жоба аясында ғалымдар зертхананың негізінде, одан тыс жерлерде де Қазақстанның, Украинаның, Түркияның және Ресейдің ғылыми орталықтарында жүргізілген ең озық зерттеу әдістерін қолдана отырып, ондаған микроүлгі алып, талдаған. YMAI зертханасының меңгерушісі Татьяна Николаевна Крупаның айтуынша, жұмыс нәтижелері тек ежелгі технологиялар туралы ғана емес, сонымен бірге Алтын Орданың сәні, Ертіс даласының ортағасырлық көшпенділерінің әлеуметтік байланыстары туралы айтуға мүмкіндік береді. Зерттеушілер осы жылы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанда өтетін ғылыми форумдарда арнайы баяндамалар арқылы егжей-тегжейлі айтып беруді жоспарлап отыр.

tkan

Фото 1. Әулиекөл қорымы. Ортағасырлық кесененің қирандыларының көрінісі.

tkan2

Фото 2. Әулиекөл қорымындағы кесененің қазба жұмыстары.

tkan3

Фото 3. Әулиекөл қорымындағы кесенеден алтыннан өрнектелген жазуы бар мата фрагменті.

tkan4

1-сурет – Әулиекөл кесенесіндегі жолақты мата (20 есе үлкейтілген).

tkan5

2-сурет - Әулиекөл кесенесінен ашық газ (40 есе үлкейтілген).

tkan6

3-сурет - Әулиекөл кесенесінен барқыт (30 есе үлкейтілген). Матаны қызыл түспен (Rubia tinctórum) бояған.

 

tkan7

4-сурет - Әулиекөл қазу учаскесінен парча шапанның жеңіндегі манжеттер декоротивті тігіс (20 есе үлкейтілген).

tkan7

5-сурет - Әулиекөл қорымының қазбаларынан екі түрлі ашық түсті тоқыма бөлігі (10 есе үлкейтілген).

tkan10

6-сурет - Әулиекөл қорымындағы кесенеден араб жазуы бар ерекше матадан алтын жіптің электронды микроскоп арқылы сканерлеу.

tkan9

Сур. 7 - Алтын жіптің рентген-флуоресценттік микроанализі.

 

">