Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-ДА «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫНЫҢ» САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ

02.03.2020

Бүгін ПМПУ-да «Еріктілер жылының» салтанатты ашылуы өтті. Оған Қазақстан «Волонтерлер лигасы» ҚҚ төрайымы Айсұлу Ерниязова қатысып, университет белсенділерін еріктілер жасағына қосылуға жұмылдырды.⠀ Еріктілер белсенділігін қолдау мақсатында Қазақстан «Волонтерлер лигасы», ЖҚҰ «Әлеуметтік волонтерлік орталығы» (Павлодар) және ПМПУ арасында ортақ меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұлының бастамасымен, Еріктілер жылы аясында ең белсенді 30 студентке негізгі шәкіртақының 30 % көлемінде стипендия тағайындалды. Шараның екінші кезеңі Еріктілер жылы аясында жүзеге асырылуға жоспарланған жобалар презентациясымен жалғасты. ПМПУ-дың студенттік волонтерлік ұйымының төрайымы Русана Самекова еріктілер мен студенттерге арналған республикалық qazvolunteer.kz порталымен таныстырды.  

ыфве

па

лл

">