Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

29.04.2020

Карантин режимінде студенттер мен магистранттарға қолдау көрсету маңызды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті білім алушыларымен тікелей диалог орнатуды жалғастыруда. Екі күн бұрын ректор Алтынбек Нухұлы студенттермен онлайн кездесу өткізіп, студенттердің ойын толғандырып жүрген маңызды сұрақтарға жауап берген болатын. Ал кеше жоғары оқу орнының магистранттарымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Оған ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры С.В. Мырзақұлов, академиялық мәселелер департаментінің директоры С.Ш.-А.Смайлов, цифрландыру орталығының директоры В.А. Светличный, ғылым және ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы М.К. Қайырова, сондай- ақ жоғары мектеп декандары магистранттарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.  Магистранттар тарапынан онлайн режимде емтихан тапсыру, диссертацияны онлайн қорғау, оқу ақысын төлеу сияқты сұрақтар көп болды. Оқу орны бұл мәселелерде барлық оңтайлы шараларды қолдануда. Кез-келген сұрақтар бойынша магистранттар көмекке жүгіне алады. Емтихан тапсыру мен бітіру жұмысын қорғау тәсілінің бірнеше нұсқасы әзірленді, соның ішінде емтихан немесе бітіру жұмысын өтініш бойынша биылғы жылдың 1-шілдесіне дейін ауыстыру мүмкіндігі де қарастырылған. Спикерлер білім алушыларға төзімділіктері үшін алғыс айтса, магистранттар осындай форматтағы түсіндіру жұмыстары үшін ризашылықтарын білдірді.

magis

">