Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ – УНИВЕРСИТЕТТІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ РЕЙТИНГІСІНДЕ ҮЗДІК БЕСТІКТІҢ ІШІНДЕ

30.04.2020

 

Жыл сайын Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді. Рейтинг 17 критерий бойынша жүзеге асырылады, олардың ішінде: жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі мен олардың орташа жалақысы, оқу бітіргеннен кейін жұмыс іздеудің ұзақтығы, сонымен қатар, оқу орны бағдарламалардың өзектілігі. Зерттеу нәтижелері бойынша ПМПУ келесі мамандықтар бойынша Қазақстанның басқа жоғары оқу орындары арасында білім беру бағдарламаларының рейтингісінде жетекші орын алады:

«Шет тілі: екі шет тілі»: 55 жоғары оқу орындары арасында 3-орын;

«Орыс тілі мен әдебиеті»: 20 жоғары оқу орындары арасында 2-орын;

«Физика» (педагогикалық ғылымдар): 24 жоғары оқу орындары арасында 4-орын;

«Биология» (жаратылыстану): 21 ЖОО арасында 3-орын;

 «Тарих» (педагогикалық ғылымдар) 33 ЖОО арасында 2-орын;

 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 42 ЖОО арасында 2-орын.

reiting

 

Сонымен қатар, рейтингке сәйкес, ПМПУ сыртқы академиялық ұтқырлық саласында (шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс) келесі білім беру бағдарламалары бойынша көшбасшы орынға ие: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Физика» (педагогикалық ғылымдар), «Математика» (педагогикалық ғылымдар).

ПМПУ-дың университеттердің білім беру бағдарламаларының рейтингісіне қатысуы университеттің әлеуеті, ресурстары және одан әрі дамуының басымдықтары туралы егжей-тегжейлі түсінік алуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш сонымен қатар абитуриенттер үшін оқу орнын таңдауда негізгі фактор болып табылатын оқу орнының беделі мен танымалдылығын арттыруға көмектеседі, ал ата-аналар, жұмыс берушілер мен қоғам үшін – бұл жоғары сенім негізі.

">