Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕРГЕ КУРС ӨТКІЗЕДІ

06.04.2020

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында
4-11 сәуір аралығында ПМПУ-дың қосымша білім беру институты қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, «ҚОТ қолдана отырып мектепте білім берудің заманауи тәсілдері» тақырыбында 36 сағаттық үздіксіз білім беру курстарын өткізеді.
Біліктілікті арттыру курстары ZOOM платформасындағы онлайн-конференция арқылы өткізіледі. Конференцияға сілтеме трансляциядан бір сағат бұрын жіберіледі.
Курс ақысыз түрде өтіп және курс соңында сертификаттар табысталады.

dictancionka

dictancionka2

dictancionka3

dictancionka4

">