Задать вопрос вы можете на портале HelpDesk.

Для входа в систему введите свой номер телефона

 

 

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:
I. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

1) СҰРАҚ: Көктемгі емтихандық сессиясының өткізілу мерзімі ауыстырылады ма?

ЖАУАП: Көктемгі емтихандық сессия бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді. Академиялық күнтізбеде оқу сабақтарын, аралық және қорытынды аттестаттауды, кәсіптік практикаларды және оқу жылы ішінде оқу жұмысының басқа да түрлерін өткізу кезеңдері, демалыс күндері (демалыс және мерекелер) көрсетіледі. Көктемгі емтихандық сессияны өткізу кезеңін білу үшін сізге "Платонус" ААЖ-на өзіңіздің логиніңіз және пароліңізбен аралық аттестаттауды өткізу кезеңі туралы ақпарат орналастырылған "жеке кабинетке" кіру қажет.

2) СҰРАҚ: Қашықтан білім беру технологиясы бойынша сабақ өткізу түрлері туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

ЖАУАП: ПМПУ-да қашықтан оқу сабақтары "on-line" және "off-line" режимінде (видеолекциялар, мультимедиа-дәрістер, слайд-дәрістер, телеконференциялар және бейнеконференциялар түрінде сабақтар; сондай-ақ қолданылатын ҚБТ технологиясына сәйкес қағаз және/немесе электрондық тасымалдауыштардағы мәтіндермен жұмыстар жүргізіледі. Толық ақпаратты университеттің www.pspu.kz сайтынан алуға болады: басты бетте "ҚБТ бойынша нұсқаулық" қойындысында»

3) СҰРАҚ: Егер біз өндірістік практиканының 10-аптасынан мектепте тек 6-аптаға өткен болсақ, ол қалай есептеледі?

ЖАУАП: 10 апта ұзақтығындағы өндірістік практика толық көлемде есептелу үшін Сізге практика туралы есеп дайындау қажет, онымен бірге тәрбие іс-шараларының жоспарын, сабақ жоспарларын, практикадан өту күнделігін қосып, университеттің практика жетекшісіне электрондық пошта арқылы жіберу қажет.

4) СҰРАҚ:Мен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» қысқартылған білім беру бағдарламасында оқимын, колледжде өткен практика маған есептеледі ме?

ЖАУАП: Иә, бұл үшін Сіз "Платонус" ААЖ жеке кабинетінде өндірістік практиканы қайта есептеу туралы өтініш беруіңіз керек.

5) СҰРАҚ: ҚБТ бойынша оқу үшін қандай ақпараттық бағдарламаларды қолдана аламын?

ЖАУАП: "Оn-line" режимінде оқу сабақтарын өткізу үшін «Moodle» қашықтан оқыту жүйесімен біріктірілген AdobeConnect бағдарламасы пайдаланылады.

Білім алушы мен оқытушының өзара әрекеттесуі "Zoom", "WebEx", "Canvas" және т.б. әртүрлі платформаларды қолдану негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Толық ақпаратты университеттің www.pspu.kz сайтынан алуға болады: басты бетте "ҚБТ бойынша нұсқаулық" қойындысында.

6) СҰРАҚ: Магистрлік диссертациялар мен дипломдық жұмыстарды рецензиялау бойынша сұрақ - Егер карантин созылса, рецензенттің қолын растамай ұсынуға бола ма?

ЖАУАП: Карантин жағдайында дипломдық жұмыс пен магистрлік диссертациясына рецензенттің қолын растайтын ұйымның мөрісіз рецензия ұсынуға болады.

7) СҰРАҚ: Жеке сабақтар бойынша "Музыкалық білім" мамандығының студенттерінен ағымдағы емтихандарды қай нысанда тапсыру қажет (жеке музыкалық орындаушылық (хор дирижерлау, вокал, негізгі музыкалық аспап)?

ЖАУАП: "Музыкалық білім" мамандығының студенттерінен жеке сабақтар бойынша ағымдағы емтихандарды тапсыруы (жеке музыкалық орындаушылық (хорды дирижерлау, вокал, негізгі музыкалық аспап) «Whatsapp, ZOOM» және т.б. бағдарламалар арқылы онлайн режимде өтеді.

8) СҰРАҚ: Студенттер мен магистранттарда ағымдағы емтихандар (билет бойынша ауызша, тестілеу түрінде) қандай түрде тапсырылады?

ЖАУАП: Студенттер мен магистранттар үшін ағымдағы емтихандарды (билет бойынша ауызша, тестілеу түрінде) тапсыру үшін университет қашықтан қорытынды бақылау жүргізу үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

9) СҰРАҚ: Магистрлік жұмыстарды алдын ала қорғау қалай және қашан өтеді?

ЖАУАП: Карантиндік режимді оқу жылының соңына дейін ұзартқан жағдайда, магистрлік жұмыстарды алдын ала қорғау жоғары мектепте бекітілген кесте бойынша онлайн режимде өтеді. Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін ғылыми жетекшіңізге, жоғары мектептің академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканына немесе ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөліміне хабарласуға болады (otdelnpo_ppu@mail.ru).

10) СҰРАҚ: Магистрлік жұмыстарды қорғау қалай және қашан өтеді?

ЖАУАП: Карантиндік режимді ұзартқан жағдайда магистрлік жұмыстарды қорғау академиялық күнтізбеге сәйкес онлайн режимде өтеді.

11) СҰРАҚ: Карантиндік режимді ұзартқан жағдайда бітірушілерге диплом тапсыру тәртібі қандай форматта өткізіледі?

ЖАУАП: Қазіргі уақытта диплом беру мәселесі шешілуде. ҚР БҒМ базалық сценарий дайындайды, оған сәйкес дипломдар алу процедурасы жүргізіледі.

12) СҰРАҚ: ПМПУ-да оқу туралы анықтаманы қалай алуға болады?

ЖАУАП: Бұл үшін Сіз "Платонус"ААЖ жеке кабинетінде өтініш беруіңіз қажет.

13) СҰРАҚ: Егер студенттің академиялық қарызы бар болса, мемлекеттік емтихан тапсыруға немесе дипломдық жұмысты қорғауға құқығы бар ма?

ЖАУАП: Жоқ, себебі қорытынды аттестаттауға оқу жоспарының талаптарын толық орындаған білім алушылар ғана жіберіледі.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемі білім алушының барлық оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредиттерді, оның ішінде студенттің оқу қызметінің барлық түрлерін игеруі болып табылады.

14) СҰРАҚ: Түлектерді жұмыс орындарына орналастыру бойынша бөлу күні ауыстырыла ма?

ЖАУАП: Түлектерді алдын ала бөлу 2020 жылдың ақпан айында университеттің жоғары мектептерінде құрылған комиссиялармен өткізілді. 2020 жылғы түлектерді бөлу жөніндегі комиссия отырысы аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін маусым айына жоспарланған.

15) СҰРАҚ: Егер карантин сессияға дейін созылса, ауызша емтихандар қалай өтеді?

ЖАУАП: ауызша емтихандар онлайн режимде қатаң түрде емтихан кестесіне сәйкес өтеді.

16) СҰРАҚ: Төтенше жағдайда Мемлекеттік аттестаттау қалай өткізіледі?

ЖАУАП: Төтенше жағдай тоқталған болса, Мемлекеттік аттестаттау дәстүрлі түрде өткізіледі. Егер төтенше жағдай тоқтатылмайтын болса, Мемлекеттік аттестаттау онлайн режимінде өткізіледі.

17) СҰРАҚ: Төтенше жағдайда диплом беру рәсімі қалай өтпек?

ЖАУАП: Төтенше жағдай тоқтатылмайтын болса, диплом құжатын табыстау рәсімі мәселесі қарастырылуда, шешімін кейін хабарлаймыз.

II. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

1) СҰРАҚ: Магистратура/докторантура білім алушысының ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар қандай?

ЖАУАП: Магистратура/ докторантура білім алушысының ғылыми-зерттеу жұмысы:

- бітіру жұмысы қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі проблематикасына сәйкес келу, өзекті болу, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы болуы;

- ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделу және жаңа теориялық білімді, теориялық немесе практикалық сипаттағы маңызды мәселелерді шешу;

- компьютерлік технологияларды қолдана отырып, деректерді өңдеу және интерпретациялаудың заманауи әдістеріне негізделу;

- ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану арқылы орындалады;

- қорғауға шығарылатын бітіру жұмысының негізгі ережелері бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді ұстау.

2) СҰРАҚ: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының білім алушысының зерттеу жұмысының нәтижелері ғылыми басылымдарда жариялануы тиіс пе?

ЖАУАП: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының білім алушысының зерттеу жұмысының нәтижелері білім алушыларға ғылыми басылымдарда жариялануы, сондай-ақ ғылыми конференцияларда баяндалуы тиіс. Карантин жағдайында конференцияларға сырттай және қашықтан қатысу жарияланымдарын ұсыну мүмкіндігі бар. Конференция жайлы ПМПУ сайтынан www.pspu.kz біле аласыздар: «Ғылым» қойындысында, сондай-ақ зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялау талаптары туралы «Білім алушылар» - «Академиялық саясат» қойындысынан толығырақ білуге болады.

3) СҰРАҚ: Магистранттардың/ докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өту орнын кім анықтайды?

ЖАУАП: Магистранттар/ докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өту орнын Ғылыми тағылымдама туралы ережесіне сәйкес ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің келісімі бойынша жоғары мектеп анықтайды.

4) СҰРАҚ: Карантин жағдайында ғылыми тағылымдамадан өту туралы есепті ұсыну процесі қалай жүзеге асырылады?

ЖАУАП: Білім алушы жоғары мектеп комитетінің отырысында ғылыми тағылымдаманың қорытындысы туралы есеп береді.

Ғылыми тағылымдамадан өткеннен кейін 5 күн ішінде білім алушы ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне ғылыми тағылымдамадан өткені туралы есепті (ғылыми жетекшімен, ББ басшысымен және жоғары мектеп деканымен расталады) және ғылыми тағылымдамадан өткенін растайтын құжатты (сертификат, куәлік, анықтама және т.б.) тапсыруы қажет. Барлық құжаттарды PDF форматында поштаға жібересіз otdelnpo_ppu@mail.ru

5) СҰРАҚ: Карантин режимі кезінде магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулері қалай жүргізіледі?

ЖАУАП: Магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулері карантиндік режим кезінде магистранттың/докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Алайда қажет болған жағдайда зерттеу әдістері, зерттеу пәні және т.б. ғылыми жетекшінің келісімімен түзетілуі (өзгеруі) мүмкін.

6) СҰРАҚ: Зерттеуді іске асыру үшін басқа қалаларға іс-сапарлар қажет болса, не істеу керек?

ЖАУАП: Карантиндік режим кезінде зерттеуді жүзеге асыру мақсатында басқа қалаларға бару іс-сапарларына шектеу қойылған. Басқа қалаларға карантиннен кейін іс-сапарлар болуы мүмкін.

7) СҰРАҚ: Магистранттар бітіру жұмыстарын баспа түрінде қашан және қалай тапсыруы керек?

ЖАУАП: Карантин кезінде магистрант ғылыми жетекшімен қашықтан электронды пошта арқылы жұмыс істейді. Диссертацияның түпкілікті нұсқасы ғылыми жетекші мақұлдағаннан кейін Антиплагиат рәсімінен өтуге жіберіледі, оны ББ басшысы 7 күн ішінде осы жұмысты рецензенттерге электрондық пошта арқылы жібереді. Бұдан әрі, рецензент ББ басшысына электрондық пошта арқылы жеке қолы бар (мүмкіндігінше расталған) рецензияның сканерленген нұсқасы жібереді. Бітіру жұмыстарын қорғаудан бір күн бұрын МАК-тың техникалық хатшысы қорғау процесі өтетін онлайн платформаның дайындығын тексеруді ұйымдастыруы тиіс. Техникалық хатшы, әдетте, қорғау хаттамасын жүргізеді және құжаттарды мұрағатқа тапсырады. Магистрант карантин аяқталғаннан кейін басып шығарылған бітіру жұмысын МАК техникалық хатшысына қол қоюмен және ілеспе құжаттармен бірге ұсынуы тиіс.

8) СҰРАҚ: Карантин кезеңінде ғылыми зерттеулер конкурстарына қалай қатысуға болады?

ЖАУАП: Карантин кезеңінде ғылыми зерттеулер конкурстарына тараптардың келісімі бойынша қашықтан қатысу керек. Бұл жұмыспен зерттеулерді қолдау жөніндегі департамент айналысады. Алдымен олар жобалардың электрондық сканерленген нұсқаларын жібереді, содан кейін электрондық поштаға құжаттар пакетінің қағаз нұсқасын жібереді.

III. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

1) СҰРАҚ: Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты негізгі тұрғылықты жерге өз еркімен кету кезеңінде университеттің Студенттер үйлерінде тұрғаны үшін бұрын төленген соманы қайтару жүзеге асырыла ма?

ЖАУАП: ҚР төтенше жағдайды енгізу кезеңінде Студенттер үйінде тұрғаны үшін бұрын төленген сома қайтарылмайды. Бұл сома 2020-2021 оқу жылында Студенттер үйінде тұру үшін қайта есептеледі.

Ескерту: бұл жауап Павлодар қаласы, Баян батыр көшесі (бұрынғы Мир көшесі), 2 мекенжайы бойынша студенттік жатақханада тұрғын үй жалдау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарға жатпайды.

2) СҰРАҚ: Университет Студенттерінің үйлерінде қалдырылған жеке заттарын алуға бола ма?

ЖАУАП: Қазіргі таңда карантин кезеңінде Студенттер үйінен жеке заттарды алып кетуге тиым салынған. Студенттер тұратын бөлмелер жабылып мөрленген. Жеке заттарды карантин режимі аяқталған соң алып кетуге болады.

3) СҰРАҚ: Қала емханаларында бекіту бойынша қиындықтар болса, басқа қаладан келген студенттерге не істеу керек?

ЖАУАП: Медициналық қызмет көрсету бойынша студенттердің негізгі бөлігі Павлодар қаласының №3 емханасында бекітілген. Егер студент 18 жасқа толмаса, ол Павлодар қаласының №3 емханасына 201-кабинетке, 41-учаскеге дәрігер И.В. Некрасова жеке куәлігімен хабарласа алады. 18 жастан асқан студенттер e-gov қосымшасы арқылы Павлодар қаласының №3 емханасына И.В. Некрасоваға тіркеліп, +77182660733 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу керек. Студенттер жеңілдік алушылардың 15-санатына жатады және автоматты түрде студент мәртебесі беріледі.

Ескерту: бұл жауап ҚР резидент еместеріне жатпайды, яғни шетелдік студенттерге медициналық қызмет көрсету тиісті медициналық сақтандырумен реттеледі.

III. ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

1) СҰРАҚ: Оқу ақысы кейінге қалдырылуы мүмкін бе?

ЖАУАП: Оқу ақысын кейінге қалдыру үшін сізге "Платонус"ААЖ жеке кабинетінде өтініш беру қажет.

2) СҰРАҚ: Оқу ақысын кейінге қалдырып төлеуге бола ма?

ЖАУАП: Оқу ақысын ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында қалдырып төлеуге мүмкіндік беріледі. Бітіруші студенттер қорытынды аттестаттауға дейін төлеуі керек.

3) СҰРАҚ: Оқу жылы аяқталғанға дейін қанша төлеуім керек?

ЖАУАП: 1-3 курс студенттерінің оқу ақысы келесі курсқа ауысу кезінде берілген жеңілдіктерді (жеңілдіктерді) ескере отырып келісім-шарт сомасының 100% құрайды.

4) СҰРАҚ: Студенттерге қашықтан оқыту жағдайында стипендия төлеу тәртібі қандай?

ЖАУАП: Онлайн оқу барысында ақы төлеу тәртібі өзгерген жоқ, стипендия тағайындау бұйрықтарына сәйкес ай сайын ағымдағы айдың 20-нан кейін төленеді.

5) СҰРАҚ:Карантин кезеңінде жалақы сақтала ма?

ЖАУАП: Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер, сондай-ақ төтенше жағдай режиміне байланысты жұмыс істемейтіндер жалақыны алдын ала белгіленген мөлшерде сақтайды.

6) СҰРАҚ: Карантинде қалай оқу ақысын төлеуге болады?

ЖАУАП: Оқу ақысын келесі жолмен онлайн төлеуге болады: «Каспий әмияны» арқылы; «Forte bank» сайтында, сондай-ақ Халық банкінің «Homebank» арқылы.

IV. ФИНАНСОВЫЕ СҰРАҚЫ

1) СҰРАҚ: Возможна ли отсрочка оплаты за обучение?

ЖАУАП: Для получения отсрочки оплаты за обучение Вам необходимо подать заявление в Личном кабинете АИС «Платонус».

2) СҰРАҚ: Есть ли отсрочка по оплате за обучение?

ЖАУАП: Отсрочка оплаты за обучение предоставляется на апрель-май месяцы текущего года. Студентам выпускного курса необходимо произвести оплату до начала итоговой аттестации.

3) СҰРАҚ: Какую сумму надо оплатить до конца учебного года?

ЖАУАП: Оплата за обучение студентов 1-3 курсов к моменту перевода на очередной курс должна составлять 100% от суммы договора, с учетом предоставленных льгот (скидок).

4) СҰРАҚ: Каков порядок выплаты стипендий в условиях дистанционного обучения студентов?

ЖАУАП: Порядок оплаты при онлайн-обучении не изменился, стипендия выплачивается в соЖАУАПствии с приказами о назначении, ежемесячно после 20-го числа текущего месяца.

5) СҰРАҚ: сохраняется ли заработная плата в период карантина?

ЖАУАП: Сотрудникам, работающим в удаленном режиме, а также находящимся в простое в связи с режимом ЧП, сохраняется заработная плата в ранее установленном размере.

6) СҰРАҚ: Как можно произвести оплату за обучение в условиях карантина?

ЖАУАП: Оплату за обучение можно произвести следующими способами онлайн: через «Каспий кошелек»; сайт «Forte bank», а также через «Homebank» Народного банка

V. Шаруашылық департаменті

1) СҰРАҚ: Құрылымдық бөлімшелерге арналған автокөлік бөлінуі мүмкін бе?

ЖАУАБЫ: Құрылымдық бөлімшелерге арналған қызметтік автокөлік тек аса қажеттілік туындаған жағдайда бөлінеді. Ол үшін шаруашылық департаменті директорының атына электрондық құжат айналымы арқылы сапардың нақты мақсаты, уақыты, мерзімі көрсетілген қызметтік жазбахат ұсыну қажет.

2) СҰРАҚ: Қажетті тауарлар мен алуы қалай іске асырылады?

ЖАУАБЫ: Қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алуы басшылықпен келісім жасау арқылы жүзеге асады. Алдын ала келісіп алып, кейін университет басшылығымен бекітілуіне электрондық құжат айналымы арқылы толық техникалық сипаттамасы берілген қажетті тауарларға (қызметтерге) сұраныс беру қажет.

3. СҰРАҚ: ПМПУ қызметкерлеріне оқу ғимараттарына кіруге мүмкіндік бар ма?

ЖАУАБЫ:: Қызметкерлер карантин кезінде ПМПУ оқу ғимараттарына тек электрондық құжат айналымы арқылы рәсімделген қызметтік жазбахатына сәйкес басшылықтың рұқсатымен кіре алады

4. СҰРАҚ: Қоймадан қажетті тауарларды алуға мүмкіндік бар ма?

ЖАУАБЫ: Қоймадан қажетті тауарларды алу тек аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана шаруашылық департаменті директорының рұқсатымен алуға болады. Ол үшін электрондық құжат айналымы арқылы алынған қызметтік жазбахат ұсыну қажет. Жазбахатта тауарларды алу мақсаты көрсетілгені тиіс.

5. СҰРАҚ: Құрылымдық бөлімшелердің алдын ала тапсырыс берген тауарлары карантин кезінде түсіріле ме?

ЖАУАБЫ:Құрылымдық бөлімшелердің алдын ала тапсырыс берген тауарлары карантин кезінде ПМПУ қоймаларына түсіріледі. Тауарлардың түсуі кезінде тауарды қабылдау және құжаттарды рәсімдеу шаруашылық департаментімен келісуі тиіс.

IV. ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

1) СҰРАҚ: Оқу ақысы кейінге қалдырылуы мүмкін бе?

ЖАУАП: Оқу ақысын кейінге қалдыру үшін сізге "Платонус"ААЖ жеке кабинетінде өтініш беру қажет.

2) СҰРАҚ: Оқу ақысын кейінге қалдырып төлеуге бола ма?

ЖАУАП: Оқу ақысын ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында қалдырып төлеуге мүмкіндік беріледі. Бітіруші студенттер қорытынды аттестаттауға дейін төлеуі керек.

3) СҰРАҚ: Оқу жылы аяқталғанға дейін қанша төлеуім керек?

ЖАУАП: 1-3 курс студенттерінің оқу ақысы келесі курсқа ауысу кезінде берілген жеңілдіктерді (жеңілдіктерді) ескере отырып келісім-шарт сомасының 100% құрайды.

4) СҰРАҚ: Студенттерге қашықтан оқыту жағдайында стипендия төлеу тәртібі қандай?

ЖАУАП: Онлайн оқу барысында ақы төлеу тәртібі өзгерген жоқ, стипендия тағайындау бұйрықтарына сәйкес ай сайын ағымдағы айдың 20-нан кейін төленеді.

5) СҰРАҚ:Карантин кезеңінде жалақы сақтала ма?

ЖАУАП: Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер, сондай-ақ төтенше жағдай режиміне байланысты жұмыс істемейтіндер жалақыны алдын ала белгіленген мөлшерде сақтайды.

6) СҰРАҚ: Карантинде қалай оқу ақысын төлеуге болады?

ЖАУАП: Оқу ақысын келесі жолмен онлайн төлеуге болады: «Каспий әмияны» арқылы; «Forte bank» сайтында, сондай-ақ Халық банкінің «Homebank» арқылы.

Если Вы не нашли ответ на интересующий вопрос, Вы можете обращаться в службу Call-centre и сервис Help Desk.