Перейти к содержимому страницы.

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІМЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

13.03.2020

26 ақпан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасын жүргізу ұжымы 3 мамандықтың, яғни «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасын талқылауды ұйымдастырды. Жиналысқа қаламыздағы Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абылгазинова Құралай Газизовна, М.Әуезов атындағы ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсембаева Алма Касеновна, Найзатас журналының бас редакторы Әбішев Асыл, №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Матайбаева Жадыра Серикбековна, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатынан Касыбаева Майра Багдатовна, №19 ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразбаева Бигүл Қазтайқызы және «Жас дарын» мамандырылған мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабытова Айсұлу Мажитқызы қатысты. Талқылау барысында қазақ тілі мен әдебиеті ББ жетекшісі Ы.Б.Шақаман 3 мамандықтың білім беру бағдарламасының құрылымымен мұғалімдерді таныстырып, биылғы оқу жылында білім беруге қатысты орын алған өзгерістерді айтып өтті. Мектеп мұғалімдері ББ құрамына енген модульдерді құптады. Сонымен қатар мұғалімдер былтырғы оқу жылында өз тараптарынан ұсынылған «Шығармашылық жұмыстар негіздері» пәнінің қолданысқа енгеніне ризашылықтарын білдірді. Атап өтейік, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының оқытушылар құрамы білім беру бағдарламасын талқылау шараларын жыл сайын мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізіп отырады.

цкурн

   бьзн

дрл

                                                                                                                                                                                     Ерланова Аяулым

                                                                                                                                                                                        Қазақ тілі мен әдебиеті БББ оқытушысы

">