Перейти к содержимому страницы.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ⠀

21.05.2020


Мәдениет – көңілдің шарайнасы. Мәдениет ұғымы бұрын «жоғары», «деңгей» деген мағынаға ие болған. Бірте бірте ол қалыптасып, ғылыми тұрғыда жеке мағынаға ие болды. Әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс -тіршілігі, салт-дәстүрі дәл осы мәдениет ұғымымен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады.

Мәдени орта эстетикалық талғамды дамытуға, өнерді жетілдіруге, озық өркениетті қалыптастыруға жетелейді. Бұл мамандық иелерінің атқарар жұмысы да, көрсетер нәтижесі де халық назарына ұсынар жаңалығы да мол.

Осындай игілікті еңбектерімен көрініп, қара шаңырақ – ПМПУ ордасында әрбір мерекенің сәнін келтіріп, игі шаралардың көңілді де әсем өтуіне өз үлестерін қосып жүрген азамат пен азаматшаларымызды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда Сіздердің атқарып жүрген еңбектеріңіз айрықша, әрі қарай да іс-қызметтеріңіз өсіп, халық жүрегінен шығып, өнерлеріңіз жандансын!

madeniet

madeniet2

madeniet3

madeniet4

madeniet5

 

 

">