Перейти к содержимому страницы.

"ЖАСЫНДА ЖАРҚ ЕТКЕН АҚЫН"

26.10.2018

25 қазанда Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана керекулік ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Жасында жарқ еткен ақын» атты әдеби поэзиялық кеш өткізді.

Айтулы шара ақын өмірбаяны туралы бейнебаянмен басталды. ХМ-11 факультетінің студенттері ақынның «Оқып жүрген жастарға», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Туған еліме», «Алаш ұраны» атты өлеңдерін оқыды. Кештің қонағы филология ғылымдарының докторы, ПМПУ профессоры С.Н.Сүтжанов Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы қызықты тың деректермен бөлісті.

 

Ақиық ақынға арнап өзінің өрнекті жыр арнауын Жиналған Аманболсын оқыды.

Шара барысында студенттер ақын шығармашылығы арқылы өздерінің поэзияға деген сүйіспеншілігін ұштады.  Ақынның мерейтойына ән-жырдан шашу еткен ПМПУ студенттері - Бати Досұлан мен Арайлым Болат кеш қонақтарын бір серпілтті. 

Ғылыми кітапхананың оқу залында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасынан кітаптар, энциклопедиялар мен мерзімді басылым беттерінен мақалалар оқырман назарына ұсынылды.

">