Перейти к содержимому страницы.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ҚОСЫМШАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

01.11.2018

31 қазан күні жаратылыстану факультетінде білім беру секторының менеджері Назиля Нұрметовамен кездесу өтті. ПОҚ назарына Microsoft корпорациясының жаңа қосымшалары ұсынылды, бұл Office 365 – Microsoft Teams байланыс кеңістігі.

Microsoft Teams сервисі қарым-қатынас жасау үшін құрылған, әріптестер мен серіктестерді біріктіреді және нәтижелі бірлескен жұмыс үшін командаларға қажетті құралдарды қамтиды. Ол таныс Office бағдарламаларымен біріктірілген және қауіпсіз Office 365 бұлты негізінде жасалған. Пайдаланушылардың жұмысын жеңілдететін жаңа шешім Sway қосымшасы болды, ол көрнекі ұсыныстар – презентацияларды жасау процесін жеңілдетуге және жеделдетуге арналған.

">