Перейти к содержимому страницы.

ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

29.12.2018

ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

      Қадірлі ұстаздар мен студенттер қауымы, барша ПМПУ ұжымы! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тағы бір жылды еңсеріп, табысқа кенелген он екі айды тарих парақтарына қаттады. 2018 жыл біз үшін де айтулы жетістіктер мен табысты оқиғаларға толы болды. Ордалы оқу орны университет санатына қол жеткізіп, білім сапасы жағынан Қазақстанның озық деген жоғары оқу орындарының қатарынан көрінді. Магистратура мен докторантура ашылып, ғылыми мамандар даярлауға мүмкіндік алып отырмыз. Мұндай жетістіктер тек бірлесіп атқарған еңбектің нәтижесінде келетінін және ұйымшыл ұжымның жеңісі деп білемін. Жаңа 2019 жыл да қуанышқа, баянды оқиғаларға толы болғай!

         Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар, өздеріңізге келер жыл қуаныш пен ырыс әкелсін! Жұмыстарыңызға табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін, жаңа бастамаларыңызға ақ жол ашылып, толайым үлкен табыстар әкелгей! Жаңа жыл мол мүмкіндіктерге үміт ұялатып, жемісті бастамаларға келешек сыйлайды. Сол игі бастамаларыңыз өніп, мақсат-жоспарларыңыз іске ассын. Жандарыңызға жылулық, жүректеріңізге имандылық, дендеріңізге саулық тілеймін!

 Ізгі ниетпен, ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұлы

 

">