Перейти к содержимому страницы.

Жаңа жылда – жаңа кітап!

09.01.2018

«ПМПУ студенттері балаларға кітап оқиды» қозғалысының белсенділері әлеуметтік алаңдардағы балалар үшін «Жаңа жылда – жаңа кітап» жыл сайынғы қайырымдылық акциясын өткізді.

Студенттер және кафедра оқытушылары екі апта ішінде кітаптар жинастырып, акцияға белсенді қатысты. Жалпы биология, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, география және химия, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының студенттері мен оқытушыларын ерекше атап кетуге болады. Волонтерлық қозғалыстың ұйымдастырушылары ретінде Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың қызметкерлері кітап жинауға және кітап алу қаражатын жинауға белсенді қатысты. Балалар және жасөспірімдерге арналған небары 50 кітап жиналған болатын.

Жетімдер үйіндегі, кәмелетке толмаған балалардың бейімдеу орталығына, №4 арнайы мектеп интернатқа кітаптар сыйланды. Балалар өздерінің сүйікті өлеңдерін оқып, өз ойларымен бөлісіп, сүйікті кітаптарын сөз етті. Ұйымдастырушылардың ниетімен аталған акция жыл сайынғы дәстүрге айналмақ.

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана қызметкерлері ПМПУ оқытушылары мен студенттеріне көрсеткен көмектері мен қолдауына алғыстарын білдіруде.

">