Перейти к содержимому страницы.

Ж.АЙМАУЫТОВ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ ПМПУ-ДА ҚОНАҚТА

05.11.2018

Театр киімілгіштен басталады демекші, ПМПУ-дың бүгінгі қонақтарымен кездесу қошеметтен басталды. Ж. Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының директорының орынбасары Әділ Дәурен мырза, режиссер Жангелді Садықов, әртістер Манатбекұлы Бауыржан, Болат Қобыланды және Төлеубек Еркежан сынды қонақтар университетіміздің мәртебелі қонақтары болып қайтты.

Қонақтар жиналған студенттерге театр өмірі мен алдағы жоспарларының бағыт-бағдарымен таныстырып, болашақ қойылымдардың репертуарымен бөлісті. Диалог тартымды әрі қызықты өтті. Театр өкілдері жоғарыда айтылған тақырыптар аясында туындаған студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ кеш барысында театр өнері мен кино жанры салыстырылып, бұл саладағы қиындықтар аталды. Актерлер өздерінің қателесуге жол бермейтіндіктерін атап өтті.

Қорытындылай келе, кеш соңында театр әртістері студент жастарды театрға баруға шақырды, өйткені театрдың қызығымен қатар, сонымен бірге адамның рухани дамуына септігін тигізетіні анық дүние. 

Наурызбай ҚАРШЫҒАНОВ, Жастар саясаты департаменті

">