Перейти к содержимому страницы.

«БІРГЕ -ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

03.08.2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті бүгін «Бірге - таза Қазақстан»  экологиялық акциясына ат салысты. Оқу ордасының қызметкерлері Ертіс өзенінің автомобиль көпірінің оң жағын әр түрлі қоқыстардан тазартты.

ghfjf

 

jhfhjd

 

hfcgdtd

 

p[pojhh

 

nbvhjfy

 

sarwa

 

Акция ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен күллі ел бойынша өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Мамин акцияға айрықша қолдау білдірді. Бұл шараның еліміздегі көрнекті орындармен демалыс аймақтарын қоқыстан тазартуы жолында маңызы айрықша. Өйткені жаз уақытында күллі ел тұрғындары бос уақыттарын табиғат аясында өткізетіні белгілі.

Ертіс өзенінің жағасы тұрғындардың ең көп келіп демалатын орындарының бірі. Демалыс күндері өзен жағасынан балық аулауға немесе басқа да демалыс мақсатында келген тұрғындарды көп кездестіруге болады. Алайда, демалушылардың көпшілігі экологиялық жауапкершілікті сезіне бермейді. Салдарынан өзен жағасы бей-берекет шашылған қоқысқа лық толмақ.

ПМПУ қызметкерлері екі сағаттың ішінде 50 қапқа жуық қоқыс жинап, арнайы машинаға тиеді. Пластикалық және шыны бөтелкелер, метал қоқыстарын сұрыптай отырып, табиғаттың таза сақталуына ат салысты. Сондай-ақ ПМПУ ұжымы тұрғындарға туған өлкенің таза болуы өз қолдарында екендігін айта келе, барша экологиялық жауапкершілікке шақырады.

Жанасыл СЕРІКБОЛ

">