Перейти к содержимому страницы.

Халықаралық балалар кітабының күні

06.04.2018

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада «Халықаралық балалар кітабының күні» мерекесі өтті. Іс-шара «ПМПИ студенттері балаларға кітап оқиды» еріктілермен бірлесіп өткізілді.

Павлодар гуманитарлық педагогикалық колледжінің студенттері «Белоснежка и семь гномов» театр көрінісін көрсетті.

Кітапхана оқырмандары мен қонақтары үшін «Кітаппен дос болайық» кітап көрмесі, Павлодар қаласының №2 мектебінің суреттері мен шығармашылық жұмыстары әдемі безендірілді. Осы жолы үлкен залда кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығынан, балалар үйінен, №4 арнайы мектеп-интернаттың балалары жиналды.

«MY PRESENT», «AmadeuS» шығармашылық ұжымдары түрлі конкурстарды, ойындарды өткізіп, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

МБ-11 тобы Усенова Жұлдыздың, РЛН-12 Туманбаева Айдананың, МБ-11 Мерхат Жұматайдың орындауында әндер орындалды. Барлық балалар сыйлыққа кітап алды. Мереке өте жақсы көңіл-күйде аяқталды.

">