Перейти к содержимому страницы.

ХІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

04.05.2019

Жастар жылы аясында  Өскемен қаласындағы ШҚМУ-да 25-26 сәуір күндері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығы бойынша  ХІ Республикалық пән олимпиадасы өтті. Аталған пән бойынша теориялық және практикалық білім деңгейін анықтау мақсатындағы олимпиадаға еліміздің барлық аймағынан 25 команда қатысты.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінен ҚТӘ-41 тобының студенті Әділбек Алтынбек және ҚТӘ-31 тобының студенттері Адамжанова Алуа мен Ашимова Аяжан бақ сынады

Білім сайысының қорытындысы бойынша ПМПУ командалық ІІІ дәрежелі грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, 4 кезеңнен тұрған сайыста, үздік жоба қорғап, ІІ дәрежелі грамотаға ие болды. Ғылыми жоба жетекшісі: ф.ғ.к., профессор Шақаман Ы.Б.

ЖОО ректорларына, команда жетекшілеріне, барлық қатысушыларға университет ректорының  сертификаттары мен алғыс хаттары берілді.

ЕРЛАНОВА Аяулым

қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы

">