Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТТЕРІ «АДАЛДЫҚ МЕКТЕБІНЕ» ҚАТЫСТЫ.

14.06.2019

2019 жылдың 11-14 маусым аралығында Павлодар  мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студенттері ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының филиалдары базаларында өткен «Адалдық мектебіне» қатысты.

 

gujh



Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыруға  және жаңа формациядағы жемқорлыққа қарсы қозғалысының жас өкілдерін оқытуға бағытталған іс-шараны ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін зерттеу жөніндегі орталығы ұйымдастырды.
Кездесу барысында дәрістер оқылып, зияткерлік және іскерлік ойындар өткізілді. Топтар жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесі, адалдық мәдениеті жөнінде ой алмасты.

 

ytryre

Жаттықтырушылар мен сарапшылар тәжіибелерімен бөлісіп, жемқорлыққа қарсылық шараларында қолданылатын заманауи әрекеттерін ортаға салды.
Іс-шараға студенттік үкімет төрайымы-Әшімхан Әсем, «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі-Дәкен Жаңыл және университет белсенділері- Болатбек Ибрахим, Мунара Коптилеу, Рахым Асылхан, Сәрсенбай Ертарғын қатысып, сертификатпен марапатталды.

Құсманова Мадина

Жастар саясаты департаменті маманы

">