Перейти к содержимому страницы.

ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

12.07.2019

Студенттік дәурен – адам өміріндегі қызығы мен шыжығы мол естен кетпес күндер. Бұл күндер көзді ашып-жұмғанша, байқалмай өтіп кетеді. Кеше ғана өз есіміңді ЖОО-на түскендердің тізімінен іздеген талапкер едің, міне, бүгін мантия киіп, қолыңа дипломыңды алып тұрсың. Университет қабырғасында білім нәрін сусындап, қазір білікті жас маманға айналдың.

 

mfjh

Бүгін  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетін бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі  проректор Мақсат Сейткенұлы НЫҒМАНОВ құттықтау сөзімен ашты. Алдымен, білім ордасының қоғамдық өміріне белсене араласып, республикалық, xалықаралық деңгейдегі олимпиада жүлдегерлері атанған студенттерге университет ректоры Алтынбек НУХҰЛЫ атынан Алғыс xат табысталды.

 

jkhu

Сондай-ақ, Түркістан облысынан Арыс қаласынан келген балаларға арналған «Жас Дәурен» сауықтыру лагерінде өз еріктерімен тәрбиеші болған ПМПУ студенттері Павлодар облысы Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

 

gyhfv

Биыл "Бакалавриат" бойынша күндізгі оқу бөлімін 498 түлек аяқтаса, соның 166-сы үздік диплом иегерлері атанды. Барша бітіруші жас мамандарымызға жарқын болашақ тілейміз!

 

oluil

 

">