Перейти к содержимому страницы.

ТАРИХ БІЛГІРЛЕРІ ЖАРЫСТЫ

30.11.2018

Ағымдағы жылдың 29 қарашасы күні бас оқу корпусының кіші залында тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған факультеттік «Білгір» зияткерлік ойынын өткізді. Аталған іс-шараны тарих және ҚХА кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты Гүлнар Тохметованың жетекшілігімен ИШ-32 тобы студенттері Ораз Абилдинов, Тамерлан Айтбайұлы, Айнам Болатова, Жазира Жалғасбайқызы, Данияр Құсайынов, Асхат Сунчалиев ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – студент жастардың танымдық қызығушылығын ынталандыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде білімді жастарды анықтау.

Зияткерлік ойынына гуманитарлық факультеттің 1-2-курс студенттерінен құралған 6 команда қатысты. Танымдық ойын екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар ел тарихы тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Ал, сайыстың екінші кезеңінде қатысушылар ел Президенті, қазақ хандары, айтулы даталар, Қазақстан географиясы, көтерілістер тақырыптары бойынша ұяшықтардағы сұрақтардың жауабын тауып, ұпайлар жинады.    

Тарих және ҚХА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Анар Кәрімова өз сөзінде мерекенің мән-мазмұны, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ойын барысында студенттер әріптеспен бірге жұмыс жасау, жауапкершілік секілді дағды-икемдерін дамытып, қарсыласты құрметтеу қасиетін үйренді.

Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша ИШ-22 тобының командасы І орынға, ИР-12 тобының командасы ІІ орынға және ИА-22 тобының командасы ІІІ орынға ие болды.  Гуманитарлық факультет деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ақылбек Сатыбалдин жеңімпаз және жүлдегер команда мүшелерін дипломмен және барлық қатысушы команда мүшелерін естелік кітаптармен марапаттады.  

Гүлнар ТОХМЕТОВА, Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушы

 

 

 

 

">