Перейти к содержимому страницы.

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРА

05.11.2018

1 қарашада №1 және № 2 Студенттер үйінде бастауыш білім беру бөлімінің міндеттерін орындау шеңберінде білім беру іс-шаралары өткізілді. Шара барысында №1 студенттер үйінде профессор А.Ш.Жұмашеваның жетекшілігімен «Өз ойыным» интелектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Викториналар көңілді күйде өткізілді. Осыған орай командалар арасында мәдени бақталастық рухы орнап, ойын қызықты тартысқа толды. Ойынның соңында жеңімпаз командаларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Ал № 2 студенттер үйінде профессор С.В.Осипованың жетекшілігімен телефонмен сөйлесу мәдениеті тақырыбында коучинг өткізілді. Студенттер өте белсенділік көрсетіп, ұялы телефондармен сөйлесу кезіндегі сөйлеу мәдениетіне және мінез-құлыққа тікелей қызығушылық танытты.

Тұтастай алғанда, іс-шаралар жоғарғы достық қарым-қатынас деңгейінде өткізіліп, командалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, жаңа байланыстар орнатуға және студенттердің бірігуіне ықпал етті.

Мұндай шаралар студенттердің интеллектуалды қабілеттерін толығымен ашуға, қарапайым қызығушылықты, танымдық қызығушылықты дамытуға, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және бейресми жағдайда тепе-тең қарым-қатынас жасауға үйретеді.

 

                                проф. Жұмашева А.Ш. 

   

 

">