Перейти к содержимому страницы.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ – ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАП КӨРМЕСІ

30.11.2018

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні» атты кітап көрмесі музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатта өтті.

Жылжымалы кітап көрменің мақсаты – студенттер  мен мұғалімдерге тұңғыш Президенттің өмір жолы, саяси және қоғамдық қызметі жайлы, тәуелсіздік хроникасы, Астана туралы, Елбасының шығармалары н насихаттау.

 

Ғылыми кітапхананың кітапханашысы Қ.Жакупова Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі тарихи рөлін, қоғамды жаңғырту мен қайта құрудағы еңбектеріне тоқталып өтті. Батыл бастамалары мен жаңашыл шешімдері нәтижесінде еліміздің экономикасы, мәдени-рухани сапасын, білім беру саласын жаңа белестерге жеткізген ұлт көшбасшысы.  Қазақ елін әлемге паш еткен тұлға.

Осы жылжымалы кітап көрмесі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеттің бас ғимаратында жалғасын тапты, көрмеге химия пәнінен олимпиаданың студенттері мен оқушылары айрықша қызығушылық танытып, ықыласпен ден қойды.

">