Перейти к содержимому страницы.

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

06.02.2019

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Практикалық психология орталығының психологы И.Ю. Гапоненко екінші курс студенттерімен өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбына қатысты дәріс өткізді. Дәріс тақырыбының ауқымы тек адамның өмірін қиюға әкеп соқтыратын теріс салдарлардың мәнін ғана емес, сондай-ақ мұндай әрекеттердің себептерін және оларды болдырмау жолдарын қамтыды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді. Дәріс барысында студенттерге «Таңдауға болады ...» атты қысқаметражды фильм көрсетілді, онда өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған адамдар мәселе бойынша өмірлік тәжірибеге негізделген пікірлерін білдірді.

">