Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТІК КӘСІПОДАҚ ТУРАЛЫ

12.02.2019

Студенттік кәсіподақ ұйымының бастамасымен 8 ақпан күні ПМПУ-да студенттер Павлодар облысы бойынша «Білім біру кәсіподағы» ЖҚ-ның бас маманы Арынова Алма Файзрахмановнамен кездесті. Ашық диалогтік кездесу кезінде студенттер кәсіподақ, оның қызметі және студенттердің өмірінде алатын орны туралы ақпарат алды. Өз сөзінде Алма Файзрахмановна қатысушыларды кәсіподақтың болашақ жоспарымен таныстырып, кәсіподақтағы студенттердің белсенді қызметі және олардың құқықтары туралы айтып берді.

Ашылу салтанатына Павлодар облысы білім беру кәсіподағының жетекшісі Г.Ә.Наурызбаева қатысты. Сондай-ақ кездесу барысында ПМПУ «Coworking centre» қызметі талқыланды. Аталған орталық шеңберінде студенттер шығармашылық қызметпен  белсенді айналысуға мүмкіндік алды. Елбасының бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Президент бәсекеге қабілетті мемлекеттің дамуын өскелең ұрпақпен сабақтастырып отыр. Студенттерде өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге, көшбасшы қабілеттерін айқындауға, өз ойларын ұсынуға, Startup жобаларын жетілдіруге мүмкіндік туады. Студенттік кәсіподақ ең алдымен, осы жолдағы студенттердің ойлары мен құқықтарын қорғап, олардың мақсаттарын жүзеге асыру жолында кәсіподақ тарапынан көмекке толықтай сене алады.

Жаслан УЗЫКАНОВ, ПМПУ студенттік кәсіподағының төрағасы

">