Перейти к содержимому страницы.

STARTUP ЖОБАЛАРДЫҢ КОНКУРСЫ ӨТТІ

07.12.2018

ПМПУ-да университетішілік студенттердің StartUp жобаларының конкурсы өтті. Сайысқа осы уақытқа дейін үйренгендері мен білгендерін, қоғамдық сұранысты зерттеп байқағандары бойынша студенттер өз жобаларын ұсынды. Конкурсқа жалпы 50-ден астам жобалар ұсынылған. Жобалармен танысуға Павлодар қаласының кәсіпкерлері мен Бүкіләлемдік банктің Астана бөлімшесінің өкілдері қатысты. Олар жоабларағ өз ұсыныстарын айтып, қандай бағытта дамыту керектігі жөнінде кеңестерін берді. Әрі болашағы бар жобалардың іске асуы мен қаржыландыруы бойынша көмек қолдарын созбақ.

Студенттердің жобалары әр түрлі бағытқа арналған. «Сыртқы киім өндіру фабрикасы», «Сөмке бренді», «Үй тазалау клининг компаниясы», «Производство мёда», «Би мектебі», «Жастар орталығы» сияқты сан алуан жобалар бар.

Әділқазы алқалары осындай 50 жұмыстың ішінен «GSM» фотостудиясы, «Белый кролик», «Украшение ручной работы», «Фотостудия», «Центр Риторики», «Үй тазалау клининг компаниясы», «EIGUsto» сияқты жобаларға қызығушылық танытып, әрмен қарай жұмыс істеуге ниет танытты. Алдағы уақытта бұл жобалардың іске асқандығын куә болып, қызметтерін көруіңіз әбден мүмкін.

Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Олар университет құрамындағы «СтартАп» орталығымен бірлесіп, өз жұмыстарын одан әрмен жетілдіретін болады.

Жанасыл СЕРІКБОЛ, ПМПУ Баспасөз қызметі

">