Перейти к содержимому страницы.

САМБОДАН ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

05.11.2018

Артымыздағы демалыс күндері, 3-4 қараша аралығында «Баянтау» спорт кешенінде 23 жасқа дейінгі самбодан облыстық біріншілік өткізілді. Жарыс республикалық біріншілікке іріктеу және спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Самбо (қарусыз қорғану) - халықаралық жарыс түріне енгізілген, 1930-шы жылдары КСРО ішкі істер халық комиссариаты офицерлерін дайындау үшін қолданылған өзін-өзі қорғаудың кешенді жүйесі. Жекпе-жек өнерінің үздік тәжірибелерін: орыс, қазақ, татар, грузин, өзбек күресі, бокс, сондай-ақ дзюдо, сумо элементтерін қамтиды.

ПМПУ студенттері жарысқа белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 57 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын – Аймұрат Ерсұлтан (ИИФ-31). 62 келіге дейінгі орташа салмақта 3 орынды Аманжол Арыстан (Дайындық курсы) иеленсе, Мектепхан Ардак (ФКС-32) сол салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Жартылай ауыр салмақта 82 келі салмақ дәрежесінде Ерғанат Еламан (Дайындық курсы) екінші орынды иеленді. Ал +100 кг салмақта өнер көрсеткен ФКС-32 тобының студенті – Амри Бакустар бірінші орынды қанжығасына байлады.

Дүбірлі додада намысты қолдан бермеген жігіттерімізді айқын жеңісімен құттықтаймыз!

Касымхан МУХИТОВ, Пресс-служба

">