Перейти к содержимому страницы.

САЙЛАУАЛДЫ КЕЗДЕСУ

29.05.2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Прзеиденттіген үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдірілген тұлғалары студент жастармен кездесті. Жиын барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси тұлғасы мен тәжірибесі, сондай-ақ сайлауалды бағдарламасы жайлы кеңінен айтылды. Қабылқақ Қапенов бастаған топ әр қазіргі уақыттағы мерзімінен бұрын өткелі жатқан президент сайлауының маңыздылығынан батсап, үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайраткерлігіне де тоқталды.

Кездесуде оның ел басқаруға лайықты мол тәжірибелі мемлекет қайраткері екендігі айтылды. Қасым-Жомарт Кемелұы БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып қызмет тістеген бір жылының ішінде өзін әлемдік деңгейдегі саясаткер екенін көрсете білді. Ұзақ уақыт бойы Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайларының барлығының басы-қасында болып, әрдайым дипломатиялық оң шешімдерімен көптің көңілінен шығып келді.

Ол бұл уақытқа дейін ҚР Парламенті Сенатының спикері ретінде табысты еңбек етті. Әкесі Кемел Тоқайұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы ғұмыр бойы педагогика саласында жұмыс істеген зиялы отбасынан.

Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы әлеуметтік саладан бастап, заңның үстемдігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, таза ауыз сумен республикалық маңызы бар жолдардың сапасын 100 пайыз қамтамасыз ету сияқты тұғырнамалық бағдарламалары бар.

Сенім білдірілген өкілдер кездесу барысында ұстаздары мен студенттердің сұрақтарына да жауап берді.

">