Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕЙТИНГІДЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

28.12.2018

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингіcінің ІІІ кезеңін қорытындылады.

Биылғы жылы рейтинг сараптамасына 92 мамандық ілігіп, 2 мыңнан астам білім беру бағдарламалары бағаланды, оған Қазақстанның барлық аймақтарынан 700-ден астам сарапшы тартылды.

«Бағалау критерийлерінің маңызды аспектісі ретінде ЖОО түлектерінің жалпы жұмыспен қамтылу пайызы, жалақының орташа деңгейі алынды» - деп атап өтті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Республика деңгейінде 92 мамандық бойынша жұмыспен қамтылғандардың орташа пайызы – 67,4%-ды құрады, ал ең төменгі деңгей – «Кеден» мамандығы бойынша 41% тіркелді.

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Нархоз түлектері, Рудный индустриалды институты, Алматы менеджмент университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жұмысқа орналастыру позициясынан республикалық ЖОО-ларының алдыңғы қатарында» – деді О.Ордабаев. Айта кетелік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ПМПУ-дың түлектерді жұмыспен қамтудың сандық көрсеткіші 97,7% -ды құрады.

Жоғары оқу орнын бітірген 8800 түлек конфиденциалды сауалнамаға қатысып, нәтижесінде  есепке алынған түлектердің 35,4%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндігі анықталған. Оның ішінде Әлеуметтік ғылымдар, Экономика және бизнес – 40,24%, Инженерлік ғылымдар мен технологиялар – 41,97%, Құқық – 43,73%, Қызмет көрсету аясы – 43,42%, 51,6 пайызбен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының мамандары өз мамандығынан басқа кәсіп аясына ауысқан.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма Төрағасының орынбасары атап өткендей, аталмыш рейтинг жыл сайын өткізіліп, оның нәтижелері мемлекеттік білім беру тапсырмасын орындау кезінде есепке алынатын болады. Сондай-ақ Ұлттық палата шешімімен Қазақстанның ЖОО-ларына арнап жаңа оқу бағдарламалары енгізілмек.

Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

 

">