Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕР САЙЫСЫ

26.04.2019

;">Осы жылдың 18-19 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласы М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГУУ университетінде қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін анықтау мақсатында мектеп пен ЖОО оқытушыларының арасындағы жыл сайынғы «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты республикалық мұғалімдер сайысы өткізілді

;">

;">Биылғы сайысқа қатысқан 200-дей жұмыстың ішінде кафедрамыздың аға оқытушысы Нағима Хабдрашитқызы Ахтаева тілді үйретудің ерекше, қалыптан тыс тәсілдерімен көзге түсіп, барлық қатысушылардың ішінен өз видео сабағымен үздіктер қатарынан табылды. Ұйымдастырушылар әріптесіміздің жетістігін жоғары бағалап, арнайы диплом, мен сертификат және бағалы сыйлықпен марапаттады. 2017 жылдан бастау алған аталмыш республикалық байқаудың ең алғашқы жеңімпазы Н.Х.Ахтаева екенін айта кеткен жөн.

;">

;">Біз де өз тарапымыздан Нағима Хабдрашитқызын аталмыш жетістігімен құттықтаймыз

Ерланова Аяулым

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы

">